Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


Е.Н. Павловскийдің табиғи-ошақтық аурулар жайлы ілімі



Pdf көрінісі
бет9/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Е.Н. Павловскийдің табиғи-ошақтық аурулар жайлы ілімі.
Е.Н. Павловский 
табиғи ошақтылықпен сипатталатын аурулардың ерекше тобын бөлген. 
Табиғи-
ошақтыларға
табиғи жағдайлар комплексіне байланысты аурулар жатады. Олар белгілі 
бір биогеоценоздарда адамнан тәуелсіз тіршілік етеді, бірақ адам бұл биогеоценоздарға 
кірсе залалдануы мүмкін. Табиғи ошақтық аурулардың қоздырғыштары жабайы аңдар
арасында тараған және шынайы биогеоценоздардың мүшелері болып табылады.
Мұндай ошақтардың болуын организмдердің үш тобы қамтамасыз етеді: а) ауру
қоздырғышы; б) ие ағзасы (ауру қоздырғышының табиғи резервуары); в) егер ауру 
трансмиссивті жолмен берілсе - тасымалдаушылар. Мысалы, Орта Азияның кейбір 
аймақтарында пендин жарасы деп аталатын ауру кездеседі. Оның қоздырғышы- 
қарапайымдылардың бір түрі- лейшмания (Leіshmanіa major). Лейшманияның табиғи



резервуары - шөлді жерде тіршілік ететін кеміргіштер. Облигатты тасымалдаушылары - 
қосқанаттылар отрядына жататын москиттер (бәкене шыбын). Паразитарлы аурулардың 
көбісі табиғи ошақтық болып табылады. Табиғи ошақтық аурулардың алдын алу
шараларын жүргізгенде, қоздырғышты тасымалдаушының және қоздырғыштың 
резервуары болатын жануарлардың биологиялық ерекшеліктерін білу керек. Табиғи - 
ошақтық аурулардың таралуын тоқтату үшін, қоздырғыштың айналым тізбегінің бір 
буынын алып тастау қажет.
Табиғи-ошақтық 
аурулардың 
басым 
көп 
түрі 
трансмиссивті жолмен беріледі, бірақ берілудің басқа жолдарымен тарайтын аурулар да 
бар (описторхоз, дифиллоботриоз, трихинеллез). 
Облигатты-трансмиссивті жолмен берілетін табиғи ошақтық аурулар оларды 
тасымалдаушылар ареалының ішінде кездесуі мүмкін. Табиғи-ошақтық аурулардың 
таралуының шектелуі басқа да жағдайларға (мысалы, климаттық жағдайларға) да тәуелді. 
Трансмиссивті және табиғи-ошақтық аурулардың ерекшеліктерін диагноз қою және алдын 
алу шараларын жүргізу кезінде ескеру қажет (С.Ә.Әміреев және соавт., 2005 ж.). 
Тек қана адамды зақымдайтын ауруларды 
антропоноз
 
деп атайды. Бұл аурулардың 
биологиялық иесі мен ауру көзі тек адам саналады. Мысалы: тұмау, іш сүзегі, шигеллез 
және т.б. 
Қоздырғыштары жануарлардан жұғатын және адамды зақымдайтын ауруларды 
зооноздар
деп атайды. Мысалы: бруцеллез, түйнеме, пастереллез және т.б. 
Аурудың көзі қоршаған орта объектілері болып табылса, онда ол сапроноздар тобына 
жатады. Мысалы: ботулизм және т.б. Зоонозды аурулар кей жағдайларда антропонозды 
сипаттқа аусуы мүмкін: оба, Қырымдық геморрагиялық қызба, құстардың, шошқалардың 
гриппі, листериоз және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет