94
Тарихи мәліметтер
.
Алғаш рет бұл ауру туралы XVI ғасырдың ортасында
итальяндық дәрігер және анатом Г.Видус жазған. Varicella деген атауды 1772 жылы неміс
дәрігері О.Фогель енгізген. 1911 жылы бразилиялық дәрігер Э.Арагао көпіршік
сұйықтығынан элементарлы вирус денешіктерін (Арагао денешіктері) тауып,
қоздырғышты анықтаған.
Этиологиясы
.
Желшешек қоздырғышы Varicellavirus тегіне, Alphaherpesviridae
тұқымдастығына жататын ДНҚ-геномды вирус. Сыртқы ортада төзімсіз: күн жарығы,
қыздыру, ультракүлгін сәулелері әсерінен тез жойылады.
Эпидемиологиясы
.
Желшешек – антропонозды ауру. Инфекцияның көзі - тек
адамдар болып табылған. Ауру өте контагиозды, ауа-тамшылы жолымен беріледі. Ауру
қоздырғышы ауа арқылы жұғуы үлкен ара қашықтықтықтарға өтуі мүмкін.
Қабылдаушылық өте жоғары, ол әлемнің барлық елдерінде кең таралған. Ауруды көбінесе
жас кезде бастан кешіреді. Тіркелген аурулардың жартысына жуығы 5-9 жас
аралығындағы балаларда кездескен, ал 1-4 және 10-14 жастағы балалар сирек ауырады.
Желшешек ауруының 10% жуығы 15 жастан жоғары балаларға тән. Ауру жылдың суық
мезгілдерінде жоғарылайды. Ауырып шыққандарда тұрақты иммунитет қалыптасады.
Патогенезі.
Инфекцияның кіру қақпалары тыныс алу жолдарының шырышты
қабықтары болып табылған. Вирус қанға өтіп, содан соң теріге түседі де, ерекше
бөртпенің пайда болуын тудырады. Инфекцияның жедел көрінуі басылғаннан кейін, вирус
организмде ұзақ сақталады, яғни жасырын инфекция түрінде. Вирус өмір бойы ағзада
латентті жағдайда жұлын ганглийлерінде сақталуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: