Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет121/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Тарихи мәліметтер. 
Түйнеме
 
көне заманнан бері белгілі ескі аурулардың қатарына 
жатады. 
Түйнеменің 
сүреттемесі 
Гомердің 
«Иллиадасында», 
Овидийдің 
«Метаморфозасында» кездеседі. Бұл ауруды К.Гален, А.Целк, Вергилий «қасиетті от» 
десе, араб дәрігерлері «парсы оты» деп атаған. Орыс дәрігері С.С.Андреевский ерлікпен 
өзіне жұқтыруы нәтижесінде (1788 ж. Оралда) бұл ауруды зерттеп, «Сібір жарасы туралы» 
шығармасында оның сүреттемесін жазды, аурудың атын беріп, жануарлар мен 
адамдардағы түйнеме қоздырғышының біркелкілігін анықтады, оның жануарлардан 
адамдарға берілу мүмкіндігін дәлелдеді. Түйнеменің қоздырғышын1850 жылы К.Давин 
ашқан, оған Bacillus аnthracis атын Ф.Кон берген. Қоздырғыштың таза дақылын Р.Кох 
(1876) бөліп алған. Л.Пастер 1881 жылы вакцина жасап, түйнеменің алдын алу үшін 
ұсынды.
Түйнеме қазақ жерінде де ертеден белгілі. Тұрмыс-тіршілігі мал өсірумен тығыз 
байланысты көшпенді ата-бабаларымыз төрт түлік малдағы түйнемені түрліше атаған: 
топалаң (қойда), кебенек, шөкшек (ешкіде), қараталақ (ірі қарада), жамандат (жылқыда), 
ақшелем (түйеде). Адамдардағы аурудың терілік түрін күйдіргі деп атаса, жайылмалы 
түрлеріне түйнеме деген атау берген.
Этиологиясы. 
Ауруды қоздыратын микроб – түйнеме таяқшасы – B. Аnthracis.
Bacillacae тұқымдастығана жатады, ұзындығы 5-8 мкм және диаметрі 1,2 мкм, ұштары тік 
бұрышты немесе аздап ішке қысылған (иінді бекіністі бамбук таяғын еске түсіретін) 
біршама ірі, қозғалысы жоқ, грам «оң» таяқша. Бацилла барлық анилин бояуларымен 
жақсы боялады, ағзада қосарланып немесе қысқа тізбекше, ал қоректік орталарда «маржан 
алқа» түріндегі ұзын тізбек құрай орналасады. Жануарлар ағзасында және кейбір қоректік 
орталарда капсула түзеді, ағзадан тыс орталықта сопақша түрдегі споралар түзеді. 
Споралар 43ºС-тан жоғары және 15ºС-тан төмен температурада түзілмейді. Споралардың 


108 
қара шірік топырақта қолайлы жағдайда вегетативті түрге өтіп, күз түскенде қайта спораға 
айналуы мүмкін екендігі дәлелденген. Күн сәулесінен қорғалған және басқа да жағдайлар 
бар жерлерде споралар жылдар бойы, ал кейде бірнеше жылдарға дейін сақталуы мүмкін.
Бациллалар экзотоксин өндіреді, ол 3 компоненттен тұрады: қорғаушы (протективті) 
антиген, ісіктік фактор, және леталді фактор. Микроорганизмнің вегетативті түрі 60ºС 
температурада 15 мин. ішінде, қайнатқанда -1-2 мин. өледі.
Споралар ыстыққа тұрақты: 120-140ºС температурадағы ыстық ауа әсерінен 2-3 
сағатта, 110ºС температурада автоклавта 40 мин. өледі. Қоздырғышты 5% фенол 
ерітіндісі, 3% хлорамин ерітіндісі, асқын тотығы, ыстық формальдегид, 1% формалин, 
10% тұтқыр натр өлтіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет