Емхананың жұқпалы аурулар кабинетi Жұқпалы аурулар кабинетi (ЖАК) – емхананың бөлiмi болып табылады. Оның
негiзгi мiндетi жұқпалы науқастарды ерте анықтау және емдеу бойынша
мамандандырылған кеңестiк жұмысты қамтамассыз ету және ұйымдастыру - әдiстемелiк
жұмыс жүргiзедi. ЖАК–ң жұмысы, есептiк құжаттарды жабдықтауы және
қызметкерлердiң мiндеттерi бiрнеше нормативтi құжаттармен белгiленген.
ЖАК – ң негiзгi мақсаттары:
1)
Науқастарға емханада және үйде кеңес беру, оларды емдеу және эпидемияға қарсы
шараларды ұйымдастыру.
2)
Жұқпалы ауруларды амбулаторлық жағдайда зерттеу және емдеу, оларды
ауруханаға жолдау ережелері,
ЖАК-тегі
диспансерлік
бақылауды
қажет
етпейтін
жұқпалы
ауру
реконвалесценттердің емін жалғастыру бойынша емхана дәрігерлеріне (жалпы тәжірибе
дәрігерлеріне) кеңестік көмек көрсету.
Сонымен қатар ЖАК қызметкерлері жұқпалы аурулар реконвалесценттердің және
бактериятасымалдаушылардың бақылауын жүргізеді; ауруханадан шыққан науқасқа
реабилитация
шараларын
өткізеді
және
науқастарды,
бактерия
немесе
паразиттасымалдаушыларды тіркейді. ЖАК жұмысының маңызды бөлігі – жұқпалы
ауруларды алдын алу бойынша және бірінші медициналық көмек көрсету бойынша ағарту
жұмыстарын жүргізу болып табылады.
ЖАК мейірбикесі дәрігерге мамандандырылған медициналық көмекті көрсетуде
атсалысады; зертханалық зерттеуге материал жинайды; емдік тағайындауларды
орындайды; науқастың туыстарын күту және эпидемияға қарсы шаралар өткізу
ережелеріне үйретеді; ағынды дезинфекция өткізеді.
ЖАК меірбикесі дәрігер – инфекционисттің басқаруымен жұмыс істейді.
18
Жұқпалы науқастардың диспансеризациясы және реабилитациясы