258
Науқастарды тіркегенде диспансерлік бақылау картасы толтырылады. Оған
клиникалық және лабораториялық зерттеулер енгізіледі.
I диспансерлік топ - (тұрақты диспансеризация) 3 айда 1 рет қаралу.
Жыл бойы
бициллин профилактика (бициллин-5, 1,5 млн. бірлік немесе ретарпен 2,4 г-нан, бұлшық
етке). 1 жылдық 3 реттік ИИБЖ емі. Тұрақты ісінулер мен лимфостаз айқындалғанда
қайтадан физиотерапиялық ем қолданылады. Кеш күз бен
ерте көктемде қолданылатын
жалпы тұрақтандырғыш терапия (витаминдер, тұрақтандырғыш адаптогенді препараттар –
элеуторококк сығындысы, женьшень түбірінің тұнбасы).
Созылмалы инфекцияның
ошақтарын санациялау.
Табан микоздарын, созылмалы тері ауруларымен қатар
созылмалы кан тамырдың
жетіспеушіліктерді тыңғылықты емдеу.
II диспансерлік топ – (2-3 жыл диспансеризациялау). Жарты жылда 1 рет тексеру.
Маусымдық бициллинотерапия (бициллин-5, ретарпен) және тілменің маусымдық
рецидивтеріне дейінгі, егулер курсы 2 жылға дейін жалғастырылады, 2-3 аптада ИИБЖ 2
курсы. Жалпы тұрақтандырғыш терапия ерте көктемде және кешкі күзде қолданылады.
Созылмалы инфекция ошақтарын санациялау. Қосарланған
созылмалы ауруларды,
әсіресе, аяқтың терілік және тамырлық ауруларын тыңғылықты емдеу.
III диспансерлік топ – (аурумен ауырғаннан соң 6 ай ішінде диспансеризациялау).
Аурумен ауырғаннан соң 1, 4, 6 айда тексеру, тілменің болжамы қолайсыз түрінің
қалдықтарын физиотерапиялық емдеу. 1 айдан соң қайтадан ИИБЖ курсын қолдану. Осы
бағдарламаны практикаға еңгізудің нәтижесінде тілменің рецидивті түрімен
ауыратындардың жылдық санын төмендету және рецидивтердің
арасындағы ремиссия
кезеңдерін ұзарту болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: