Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет31/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Алдын алу шаралары.
Инфекция көзін табу үшін берілу жолын қиюға, 
организмнің резистенттілігін көтеруге бағытталған шаралар жиынтығы қажет.
 
Ерте 
диагнозды анықтау және адекватты дұрыс емдеу маңызды. Алдын-алудың бір әдісі 
санитарлық-гигиеналық тәртіпті сактау. Өнеркәсіптерге қатаң санитарлық бақылау қою, 
әсіресе сүт және сүт өнімдері қолданатын өнеркәсіптер. Санитарлық-ағарту жұмыстарын 
жүргізу өте маңызды орын алады. 


33 
 
 
 
 
САЛЬМОНЕЛЛЕЗ 
Анықтамасы.
Сальмонеллез – сальмонелла бактерияларымен қоздырылатын, 
фекальды-оральды механизммен берілетін, жиі гастроинтестинальды, сирек жайылмалы 
түрлерінде өтетін жедел антропозоонозды ауру.
Тақырыптың өзектілігі.
Қазақстанда, басқа елдерде сияқты, ауру жылдан жылға 
өсуде. Жедел ішек инфекцияларының ішінде сальмонеллез дизентериядан кейін кең 
тараған ауру. Әр жерде сальмонеллездің эпидемиологиялық және құрылымдық 
ерекшеліктері бар. 
Тарихи мәліметтер.
Ежелгі уақыттан бері тағамдық азық -түлікті қолданудан пайда 
болатын аурулар белгілі. Бұл ауруларды белоктар шірігенде пайда болатын улы заттармен 
байланыстырды. 1885 ж. Д. Сальмон және Т. Смит В. Suipestifer микроорганизмін бөліп 
алды — олар шошқа обасының қоздырғышы деп есептеді. Аурудың негізгі ссбебін 1888 
ж. неміс ғалымы А. Гертнер дәлелдеді, ол өлген адамның организмінен және ол тағам 
ретінде қолданылған сиыр етінен В. Suipestifer ұқсас микроорганизмді тапты, осы арқылы 
адамдар және жануарлар арасында сальмонеллездің бактериалды этиологиясын негіздеді. 
1934 жылы Халықаралық номенклатуралық комиссия морфологиялық және биохимиялық 
құрамы ұқсас қоздырғыштар тобын сальмонелла, олар шақырған ауруды - сальмонеллез 
деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет