Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет75/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Болжамы
.
 
Белдемелі герпестің
 
гангренозды түрі көзді зақымдаған кезде 
менингоэнцефалит дамуы мүмкін
.
Қайталамалы қарапайым герпес әйел адамдардың жыныс мүшелеріне әсер етіп, 
жатыр мойнының қатерлі ісіктеріне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Алдын алу шаралары. 
Герпестік
 
инфекцияның ауа-тамшылы жолмен таралуының 
профилактикасы ЖРВИ-дағы сияқты; жыныстық жолмен жұқтырудың алдын алу үшін
жыныстық жолмен берілетін басқа инфекциялардың алдын алу шараларын қолдану керек.
Рецидивтердің (қайталануы) алдын алу үшін белсенділіксіз (инактивацияланған) 
герпестік вакцинаны қолдануға болады.
 
 
ЖҰҚПАЛЫ МОНОНУКЛЕОЗ 
Син.: 
Филатов ауруы, Пфейффер ауруы, бездік қызба, моноцитарлы баспа 
Анықтамасы.
 
Жұқпалы мононуклеоз – қоздырғышы көбінесе аэрогенді 
механизммен берілетін, клиникасында қызбамен, интоксикациямен, баспамен, 
лимфаденопатиямен, гепатоспленомегалиямен және қанда атипті мононуклеарлардың 
пайда болуымен сипатталатын жедел антропонозды вирусты жұқпалы ауру. 
Тақырыптың өзектілігі

Жұқпалы мононуклеозбен аурушаңдық кең таралған. 
Көбінесе жасөспірімдер ауырады. Клиникалық көрінісі полиморфты болғандықтан 
көптеген жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізу 
қажет. Аса маңыздылығы – бұл ауру ЖИТС-ассоциирленген комплексті аурулар тобына 
жататындығы. 
Тарихи мәліметтер.
Ауруды алғаш рет Н.Ф.Филатов 1885 жылы анықтап, «лимфа 
бездерінің идиопатикалық қабынуы» деп атаған болатын. Сондықтан көптеген жылдар 
бойы «Филатов ауруы» деп аталды. 1889 жылы неміс ғалымы Е.Пфейффер 
лимфополиадениті мен аңқаның зақымдалуы дамитын безді қызбамен ауырған науқастың 
ұқсас клиникалық көрінісін сипатттап жазған. М.А.Эпштейн мен Д.М. Барр 1964 жылы 
Беркитт лимфомасының клеткаларынан герпес тәрізді вирусты анықтады. Аурудың 
патогенезі мен клиникасын, емдеуін зерттеуге И.А.Кассирский, Н.И.Нисевич, 
Н.М.Чирешкина сияқты ғалымдар үлкен үлес қосқан. 
Эпштейн-Барр вирусының этиологиялық ролі дәлелденгеннен кейін және 
диагностиканың ерекше әдістері жете зерттелгеннен соң, аурудың эпидемиологиялық 
ерекшелігі және клиникалық белгілерінің спектрі анықталған.

Этиологиясы.
Аурудың қоздырғышы- EBV – герпес топтарының вирусына 
қатысты және өзінің морфологиясы бойынша қарапайым герпестің вирустарынан 
айырмашылығы жоқ. Вирустың репликациясы приматтардың В-лимфоциттерінде өтеді. 
Сыртқы ортада тұрақтылығы төмен, құрғатқанда, жоғары температура әсерінен тез 
жойылады. Құрамында ДНҚ бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет