Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет115/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Эпидемиологиясы
1. 
Аурудың көзі
. Туляремия – облигатты зооноз, табиғи ошақтық 
ауру. Аурудың көзі және резервуары – жануарлар. Табиғатта аурудың резервуары: 
кеміргіштер, егеуқұйрықтар, қояндар, ондатра. Олардан синантропты кеміргіштер 
залаладанады. Туляремия қоздырғышы 90 жабайы омыртқалы жануарларда, үй 
жануарларында (қой, ит, жылқы) кездеседі. Олар туляремияға өте сезімтал. Ресейде – 
аурудың негізгі көзі су тышқандары, үй тышқандары, қояндар, иттер, ондатра. Ауру 
тасымалдаушылары – иксод кенелері және қансорғыш қанаттылар: маса, шожала. 
Кенелердің организмінде қоздырғыш өмір бойы сақталады, қан сорғыштардын 
организмінде – 2 апта бойы, ал инфицирленген жануарлардың қанында олар өлгенше 
дейін сақталады. Жануарлар арасында ауру кенелер арқылы тарайды. Кеміргіштер 
арасында инфекция алиментарлы жолмен тарайды. Адам аурудың көзі болып 
табылмайды.
Табиғи ошақтардың 7 түрін ажыратады: батпақтық, қоғалдық, ормандық, далалық, 
таулы-шатқалды, тоғайлық, тундралық. Қазақстанда ошақтардың 4 түрі кездеседі: таулы-
шатқалды, батпақтық, тоғайлық, далалық. Әр ошақ өзіне тән жануарлармен, 
қансорғыштармен ерекшеленеді. 

2. Берілу жолдары: 

трансмиссивті (негізгі) – арнайы тасымалдаушысы жоқ, ауру әр түрлі
қансорғыш қанаттылар (маса, кене, шожала) арқылы берілу мүмкін;

контактілі – тері мен шырышты қабықшалар арқылы инфицирленген
жануарлармен жанасқанда: теріні өндеген кезде, жануарлар тістеп алған кезде; аңшылар 
ондатра арқылы жұқтырады; 

алиментарлы – кеміргіштердің зәрімен инфицирленген су, тағам арқылы.
Кеміргіштермен ластанған судың эпидемиологиялық маңызы зор. Аурудың құдықтық 
өршуі жиі кездеседі. Кеміргіштің өлігі құдықта жатса, сол құдықтың суын ішкен 
адамдар заладанады; 

аэрогенді – заладанған шаң арқылы, шөп жинайтын жұмыстар жүргізгенде.
3.Қабылдаушы макроорганизм
. Адамдар туляремияға 100% сезімтал. Көбінесе 
ересектер, ер адамдар, кәсіби топтары – аңшылар, балықшылар, ауыл шаруашылық 
қызметкерлері аурады. Антропургиялық ошақтар инфицирленген кеміргіштердің 
миграциясына байланысты, олар үй кеміргіштеріне ауруды жұқтырады. Эпидемиялық 
процестің ағымы жыл мезгіліне, табиғи ошақтың ерекшелігіне, эпизоотиялық жағдайға 
байланысты. Жекеленген эпидемиялар үшін белгілі бір жұғу механизмінің және белгілі 


103 
бір клиникалық түрінің басым болуы тән. Жыл маусымдылығы – жаз-күз айлары. Сонғы 
кездерде ауру спорадикалық түрінде кездеседі. Аурудан кейін тұрақты иммунитет 
қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет