Клиникалық
кезеңдері
Жасырын
кезең
Клиникалық
көріністер кезеңі
Асқынулар
кезеңі
Инфекциялық
процесстің
сатылары
I.
Қоздырғыш
тың ену және
адаптация
сатысы
II
Біріншілік-
ошақтық инфекция
сатысы
III
Жайылмалы сатысы
(гематогенді
диссеминация)
Осы жергілікті процесстің даму ерекшеліктері түйнеменің өзіне ғана тән ерекше
белгілерін береді. Олар мыналар:
1. түйнеме таяқшасы енген жердегі теріде ерекше бір даму тәртібі қалыптасады: дақ
→ түйін → көпіршік → геморрагиялық пустула → жара → қабыршақ;
2. жараның айналасында моншақ тәрізді болып тағы да «ұрпақтық» көпіршіктер
шығады («маржан алқасы» - нышаны);
3. дамып болғанда терілік аффект 3 түстен тұрады: ортасы қара, оны қоршаған
инфильтрат - қызғылт, одан әрі қарай ісік - бозғылт (ақшыл);
4. ісік тек жараның айналасында ғана емес алысқа таралады, бір анатомиялық
аймақпен шектелмейді;
5. кірген қақпаға жақын регионалді лимфа түйіндері (көбіне қолтық асты не шап
бездері) іседі;
6. жаңағы ісік бар жерді перкуссия жасағанда ұйыған сорпаның дірілдегені сияқты
қозғалады (Стефанский нышаны);
7. жараның ең ортасында некроз болғандықтан оны инемен түртіп қарағанда
ауырмайды (бұл түйнеме жарасына аса тән танымалы нышан);
8. науқастың жалпы жағдайы ауыр;
9. барлық жағдайларда ауруға себеп болған эпидемиологиялық анамнезді анықтауға
болады.
Көбінесе бір жара болады, кейде 2-5. Бір адамды жигалка шыбыны шаққанда, 32
жара пайда болған оқиғасы белгілі. Жараның жиі орналасатын жерлері: қол, қолдың
саусақтары, сирек: бет, мойын, дене, аяқ. Аурудың ауыр ағымында 40% жағдайда
жергілікті лимфаденит қалыптасады, бірақ лимфангоит тән емес. Лимфа түйіннің аздап
ауру сезімі байқалады.
Терілік түрінің ісікті нұсқасы.
Терілік түрдегі түйнеменің ісіктік нұсқасы сирек
кездеседі және ол жараның болмауымен немесе оның мөлшерінің ұсақтығымен, көлемді
ісік дамуымен ерекшеленеді, әсірісе жара жоғары және төменгі қабақтарда орналасқан
111
жағдайда дамиды. Ісік беттің барлығын, мойын, кеуде, қолдарды қамтиды, кейде тіпті
мықын қаптарына дейін түседі. Стефанский нышаны «оң» болады. Ең үлкен ісікті 1883
жылы В.Е.Соловьев деген ғалым жазып қалдырған: «ауруда жара бетіне
орналасқандықтан, ісік бетін, мойынын қамти келе кеудеге төстің шұқырына дейін
жеткен. Құлағының қалқаны құлақтың тесігін жабатындй салбырап, еріні ішіне кіріп
кеткен. Мойынның шеңбері 78 см болса, кіндік тұсындағы ішінің шеңбері 70 см. Ұрты,
төс тұсындағы терісі қапшық құсап төсіне түсіп жатыр. Бет-аузының іскені соншама, бет-
әлпеті ісікпен тып-типыл болып тегістеліп, тіпті оның адам екенін, жынысын не жасын
анғару мүмкін емес еді» деп жазған.
Терілік түрінің тілмелік нұсқасы
. Терілік түрдегі түйнеменің тілмелік нұсқасы сирек
кездеседі және клиникалық диагностикасы белгілі бір қиындықтар туғызады. Ол тілменің
барлық нұсқаларына ұқсаса, тек қоздырғышты бөліп алу және эпидемиологиялық
мәліметтер ғана диагноз мәселесін шешеді.
Терілік түрінің эризипелоидты нұсқасы.
Түйнеменің эризипелоидты нұсқасы
серозды сұйықтығы бар көп мөлшердегі көпіршіктердің пайда болуымен сипатталады.
Олар жарылғаннан кейін жара беткейі пайда болып, біртіндеп өзекке айналады.
Терілік түрінің барлық нұсқалары ұзақ қызбамен, ағзаның айқын улану белгілерімен,
жүрек-тамыр және жүйке жүйелерінің зақымдануларымен өтеді, ауыр жағдайларда
процестін жайылмалы түрі дамып өліммен аяқталады. Науқас 39-40ºС қызбаға, жалпы
әлсіздікке, дел-салдыққа, бас ауруына, тахикардияға шағымданады. Түйнеменің терілік
түрінің 80%-жеңіл, ал 20%-ауыр түрде өтеді. Қызба 5-7 күн бойы сақталады және бірден
төмендейді. Жара аймағындағы жергілікті өзгерістер біртіндеп жазылады, 2-3-ші аптаның
аяғында өзек түседі.
Түйнеменің баспалы (орофарингеалді)
түрі өте сирек кездеседі (1-5%). Жасырын
кезең 1-6 күн. Аурудың бірінші аптасында қызба, ағзаның айқын улану белгілірі,
тамағының ауруы, жаралы-некрозды фарингит немесе тонзиллит, мойынның бір жағының
ісінуі дамиды, екінші аптасында көмекей бездер, көмейдің шырышты қабықтарында сұр
немесе қоңыр түсті некрозды жабынды пайда болады. Мойын аймағындағы лимфаденит.
Круп қалыптасуы мүмкін. Бұл түрі жиі инфекциялық-токсикалық шокпен асқынады.
Түйнеменің өкпелік түрі
қоздырғыш аэрогенді жол арқылы жұққанда дамиды, жедел
басталады, инфекциялық- токсикалық шок ретінде өтеді және қазіргі кездегі емдеу
әдістерін қолданғанда да өліммен аяқталуы мүмкін. Барлық науқастарда айқын қалтырау,
дене қызынуының тез жоғарлауы (40ºС және одан да жоғары) анықталады. Науқастың
жағдайы аурудың бірінші сағаттарынан бастап ауыр, кеуденің шаншып ауруы (70%),
құрғақ жөтел (90%), жүректің айнуы/құсу (90%), ентігу (80%), көгеру, айқын тершеңдік
(70%), тахикардия (1 мин. 120-140 дейін) байқалады, АҚ төмендейді. Осыдан басқа
миалгиялар (50%), бастың ауруы (50%), естің бұзылыстары (40%), іштің ауруы (30%).
Қақырыққа қан араласуы байқалады, ірің болмайды. Өкпе үстінде перкуторлық дыбыстың
тұықталу учаскелері, құрғақ және ылғалды сырылдар, кейде плевраның үйкеліс шуы
анықталады. Рентгенологиялық зерттеу кезінде плеврит, медиастиналді лимфаденит
анықталады. Респираторлы дистресс синдромы, ТШҰ синдромы дамиды. Ауру бірнеше
сағат 2-3 күн аралығында өліммен аяқталады.
Түйнеменің абдоминалді түрі
қоздырғыш ас қорыту жолдарының шырышты
қабықшалары арқылы енгенде дамиды. Бастапқы кезеңде жоғары қызба, жалпы әлсіздік,
бастың ауруы (100%), пайда болады. Аурудың өршу кезеңінде іштің ауруы (85%), қан
аралас іш өту (80%) және құсу (90%), іштің кебуі тән, асцит болуы мүмкін. Жиі
инфекциялық-токсикалық шок, ТШҰ-синдромы дамиды. Өлім-жітімділігі 25-60 %.
Түйнеменің екіншілік жайылмалы түрі
науқастың жалпы жағдайының күрт
нашарлауымен бірге немесе кейде оның алдында, жергілікті өзгерістер үдейді.
Лимфатикалық түйіндер ұлғаяды.
Қоздырғыш гематогенді диссеминация арқылы түрлі мушелерге тарап аурудың
екіншілік септикалық түрі
дамуы мүмкін. Науқастардың жағдайы күрт нашарлайды,
112
айқын қалтырау мен терлеу қосарланады. Қатты бас ауруы, бас айналуы, ұйқының
бұзылуы, ми қабықшаларының тітіркенуі, психомоторлық қозу және тырысулармен
сананың бұзылуы пайда болады. Айналымды бұзылыстар тез үдеп, жайылмалы тамыр
ішілік қан ұюымен қосарланатын инфекциялық-токсикалық шок дамиды, теріге және
шырышты қабықтарға қан құйылулар, қан аралас құсу («кофе қоюы»), асқазан ішектен
қан кету байқалады. Пневмония, эндокардит, менингит, бүйректің жетіспеушілігі дамиды.
Түйнемеге қарсы егілгендерде терілік өзгерістер айтарлықтай емес, кәдімгі шиқанға
ұқсас, ал жалпы белгілері кейде болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |