7
Қоздырғыштың маңызды қасиеттерінің бірі – оның
троптылығы
(белгілі бір
жасушаларда немесе тіндерде қоздырғыштың көбеюі: мысалы, паротиттік инфекцияның
қоздырғышы бездік тіндеріне, шигеллалар тоқ ішектің дистальды бөлігінің
энтероциттеріне, менигококктар мидың жұмсақ қабықшасына тропты).
Макроағзаның қорғаныс қасиетіне арнайы және арнайы емес механизмдер жауап
береді. Арнайы емес қорғаныс механизмдеріне: терінің тосқауылдық қызметі және тері
секреттерінің бактерицидті қасиеттері; асқазан сөлінің жоғары қышқылдығы және
ферментативтік белсеңділігі; ағзаның қалыпты микрофлорасы және т.б. жатады. Сонымен
қатар, микроағзалардың арнайы емес ингибиторларына комплемент жүйесі,
интерферондар, лимфокиндер т.б. жатады.
Өте маңызды қорғаныс факторларының бірі -
иммунитет
.
Иммунды жауап бірнеше арнайы реакциялардан құралады:
1)
антиденелердің түзілуі;
2)
тез дамитын жоғары сезімталдық;
3)
баяу дамитын жоғары сезімталдық;
4)
иммунологиялық есте сақтау;
5)
иммунологиялық тұрақтылық және т.б.
Иммунды жауаптың дамуын Т-лимфоциттер, В-лимфоциттер және макрофагтар
қамтамасыз етеді. Т-клеткалар арасында Т-эффекторлар, Т-хелперлер және Т-
супрессорларды ажыратады. Т-эффекторлар клеткалық иммунитет реакцияларын жүзеге
асырады, Т- супрессорлар Т- және В -лимфоциттердің қызметін реттейді. Макрофагтар
антигендерді ұстап, өңдеп, оларды ажыратып, Т- және В-лимфоциттерге мәлімет береді.
Инфекциялық процестің үшінші факторы
:
қоршаған орта (мысалы, ауаның
төмеңгі температурасы және жоғары деңгейдегі ылғалдығы көптеген инфекцияларға
адамның сезімталдығын жоғарылатады).
Сонымен қатар, ортаның әлеуметтік факторларының да маңызы үлкен.
Достарыңызбен бөлісу: