Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет110/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Патогенез сатылары: 
1.
Жұқтыру сатысы.
2.
Регионалді инфекция және көбею сатысы - қоздырғыштың жұғу 
жолына және кіру қақпасына байланысты дамиды.
3.
Бактериемия сатысы. 
4.
Септицемия сатысы. 
Клиникасы. 
Инкубациялық кезең – 2-6 күн. Обаның клиникасына жедел басталуы 
(қалтырау, жоғары қызба), айқын улану (бас ауыруы, бас айналуы, миалгиялар, орталық 
жүйке жүйесінің улану симптомдары: қозу немесе тежелу, галлюцинациялар
координацияның бұзылуы, «Гиппократ беті») тән. Шеткі қанда нейтрофилді лейкоцитоз, 
ЭТЖның жоғарлауы және жергілікті симптомдар тән. Лейкоциттердің саны 25 мың. 
жоғары болса, аурудың болжамы қолайсыз болады. Вьетнамдағы науқастарда 
лейкоциттердің саны 90 мың. жеткен (А.М. Дмитровский, 1995)
Обаның жіктелуі
(А.М. Дмитровский бойынша, 1995)
1.Біріншілік-ошақтық түрлері 

Жаралы 

Бубонды 

Баспалы 

Абдоминальды 

Пневмониялық (өкпелік) 

Аралас 
2. Жайылмалы түрлері

Екіншілік-жайылмалы 

Біріншілік-жайылмалы 
3. Екіншілік-ошақтық түрлері 

Бубонды 

Баспалы 

Абдоминальды 

Пневмониялық 

Менингоэнцефалиттік 

Септикалық 
Обаға арналған әдебиеттер бойынша бубонды түрі ең жиі (90%) кездеседі. Бірақ 
Қазақстанда сонғы жылдары бубонды түрі - 50% жағдайда, жаралы түрі - 25%, 
пневмониялық түрі - 15% , абдоминальды түрі - 15% кездеседі. 
Аурудың біріншілік-ошақтық түрлері кезінде қабыну процестер қоздырғыштың кіру 
қақпалары аймағында дамиды.
Жаралы түрі 
ауру
 
контактілі жол арқылы берілгенде дамиды. Теріде
 
біріншілік 
терілік аффект пайда болады: дақ, везикула, пустула (іріңде немесе геморрагиялық) тез 
жараға айналады. Пустула дамыған кезде қатты ауру сезімі байқалады. Жара терең 
болады, қызғылт қазылған шеттерімен, инфильтрацияланған түбімен сипатталады. 1-3 
күннен кейін региональды лимфаденит қалыптасады – бубон. Лимфангоиттың дамуы 


98 
обаға тән емес


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет