22
Аурудың
өршу кезеңінде
аурудың барлық нышандық жинақтары дамиды. Өршу
кезеңінің ұзақтығы 1-2 апта. Дене қызуы әрқашан жоғары қалыпта сақталады.
Науқастардың көбінде сүзек статусы дамып, розеолалар білінеді, орталық жүйке
жүйесінің
қызметі бұзылып, жүрек-тамыр жүйелері, ішектер, тыныс алу мүшелері де
зақымға ұшырап, олардың қызметтері де бұзылады.
Аурудың негізгі нышаны - қызба. Өршу кезеңінде дене температурасы
- 39-40°С.
Қызбаның сипаты - тұрақты. Таңертенгі температурамен кешкі температураның
айырмашылығы 1°С аспайды. Сондықтан науқаста қалтырау, тершеңдік белгілері
болмайды. Науқас тек қызып жатады. Қызба қисықтарының түрлері: Вундерлих,
Кюльдешевский және Боткин қызбалары. Типті қызба қисығы – Вундерлих қисығы. Дене
температурасы трапеция тәрізді. Кильдюшевский қисығы – жазықтық, ал Боткин қисығы -
толқын тәрізді болады. Бірақ қазіргі таңда антибиотиктер қолданғаннан соң қызба
қисықтарының заңдылығы сақталмайды, олар әр түрлі болуы мүмкін.
Айқын
интоксикация дамып
Status typhosus (естің бұзылуы, сопор, кома, делирий) қалыптасуы
мүмкін. Бастың айқын ауруы, ұйқының қашуы науқастарды қатты мазалайды. Науқастың
тері жабындылары бозғылт, кейде алақандары мен табандарының сарғаюы дамуы мүмкін
– Филлипович симптомы. Ол бауыр зақымдалғанда каротиннің алмасуы пайда болуының
әсерінен дамиды.
Ағзаның улануы дамыған кезде жүрек-қантамыр жүйенің зақымдануы міндетті
түрде қалыптасады. Іш сүзегіне аса тән бұзылыстарға салыстырмалы
брадикардия, пульстың дикротиясы, гипотония, миокардиодистрофия, миокардит жатады.
Негізігі патологиялық процесс ас қорыту жүйесінде дамиды. Науқастарда
фулигинозды (сүзектік) тіл симптомы пайда болады. Тіл ісініп, калың қоңыр түсті
жабындымен жамылып, тістердің іздерімен сипатталады.
Аурудың келесі маңызды нышаны – ол метеоризм –іштің кебуі. Науқастарда ішектің
парезі дамығаннан соң дәреті тоқтап қалуы мүмкін, кейде диарея дамуы мүмкін. Нәжістің
сипаты ащы иісті бұршақ тәрізді сорпаға ұқсайды. Оң жақ
илео-цекальды аймақта іштің
ауру сезімі, шырылдауы, анықталады, салыстырмалы перкуссия жүргізгенде оң жақ
мықын аймағында перкуторлы дыбыс тұйықталады (Падалка симптомы). Гепатомегалия
және спленомегалия дамиды.
Іш сүзегінің маңызды диагностикалық белгілеріне
бөртпе
жатады. Бөртпе
мономорфты болады: морфологиялық сипаты – розеола (көлемі 2 мм дейін майда дақ).
Бөртпенің денеге шығу мерзімі іш сүзегі кезінде заңдылықты түрде бактериемия кезеңіне
сәйкес келеді: аурудың 8-10 күндерінде пайда болады. Бөртпенің
орналасатын жері -
қарынның алдыңғы қабырғасы, кеуде. Розеолалардың саны 1-5-10. Бөртпеге тағы да бір
тән сипаттамасы бар - ол үстемелі феномен: бөртпе денеге біртіндеп шығады. Бұрын
пайда болған розеолалар жойылып жаңа бөртпелер пайда болады. Бөртпені анықтау
дәрігердің тәжірибесіне байланысты. Бұл бөрпелерді табу үшін аурудың күнін анықтау
қажет, тері жабындыларын күн сайын тексеріп тұру тиісті. Пайда болған розеолалар 1-
5күн аралығында із қалдырмай жойылып кетеді.
Іш сүзегі кезінде тыныс алу мүшелерінің бұзылуы, соңғы жылдары сирек кездесіп
отыр.
Іш сүзегінің типтік және атиптік ағымы ажыратылған. Типтік түрі циклді өтеді. Ал
атипті түрі жеке мүшелер мен жүйелердің бұзылу нышандарының басымдығымен өтетіні
белгілі. Аурудың абортивті түрі дамығында ауру типті басталып, бірақ көріністері қысқа
мерзімді болады, айығу кезеңі тез қалыптасады. Аурудың амбулаторлы түрі аурудың
жеңіл түріне ұқсас болады. Аурудың көмескі түрінде клиникалық белгілер аздап біленеді,
оған науқастарда көңіл аудармауы мүмкін. Бактериотасымалдаушылық кезінде
клиникалық көріністер мүлдем пайда болмайды. Транзиторлы бактериотасымалдаушылық
кезінде қоздырғыш кейдесоқ түрде бөлінеді, жедел бактериотасымалдаушылық кезінде –
қоздырғыш 3 айға дейін, созылмалы бактериотасымалдаушылық кезінде – 6 айға дейін
бөлінеді. Өте сирек жағдайда қоздырғыш ұзақ уақыт бөлінуі мүмкін.
23
Реконвалесценция кезеңі қызбаның жойылуымен және мүшелердің барлық
қызметтерінің біртіндеп тұрақтануымен сипатталған. Кейбір науқастарда ұзақ уақыт бойы
әлсіздік, шаршағандықтың жоғарылауы сақталмақ. Науқастардың 3-10% аурудың
қайталануы – рецидиві дамуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: