101
обаны
тасымалдаушы
бүргелердің,
кенелердің,
жабайы
жануарлардың
(кеміргіштердің) шағуы;
оба
тасымалдаушысы
болуы
ықтимал
кеміргіштермен
(сартышқандар,
құмтышқандар және басқалар) контактіде болғанда;
оба тасымалдаушысы болуы ықтимал кәсіпшіліктік жануарларды (қояндар, суыр,
мысық тектестер, ақбөкен, қабандар және т.б.) аулау, өндіру және бөлшектеу;
ауру түйелерді сою және бөлшектеу;
оба тасымалдаушысы болуы ықтимал жануарлардың шикі етін пайдалану;
оба тасымалдаушысы болуы ықтимал кеміргіштер індерінің аумағындағы жер
жұмыстары;
өкпе қабынуымен науқастанғанмен контактіде болғанда;
2) обаның расталған жағдайымен эпидемиологиялық байланыста болғанда;
3) кемінде 1:10 антиденелер титрі табыла отырып, флюоресцирлендіруші
антиденелердің тікелей реакциясының нәтижесі оң болғанда; Y. Pestis -ке тән антиген Ғ1
гемагглютинацияның тежелу реакциясы;
4) антиденелердің Ғ1 антигендерде титрлерінің кемінде төрт есе көбеюі;
5) клиникалық материал үлгілерінің микроскопиясында биополярлық грамтеріс
бактериялардың табылуы.
7. Обаның расталған жағдайы мыналардың ең болмаса бірі болғанда қойылады:
1) бубон ішіндегі, пустуланың, ойық жараның бөліністерінен, қаннан, жұлын
сұйығынан, қақырықтан, ауыз-жұтқыншақ шырышының жағындысынан, зәрден, нәжістен
Y. рestis –тің бөлінуі;
2) ПТР нәтижесі оң болғанда;
3) ИФА нәтижесі оң болғанда;
4) қос сарысумен енжар гемагглютинациялау реакциясында белгіленген Y. рestis –ке
тән Ғ1 антигеніне антиденелер титрінің кемінде төрт есе көбеюі.
Достарыңызбен бөлісу: