Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет245/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Серологиялық маркерлер. 
HBsAg.
HBsAg қан сары суында клиникалық манифестация алдында пайда болып
аурудың 
өршуі 
кезінде 
максималды 
концентрациясына 
(деңгейіне) 
жетеді, 
реконвалесценция фазасында жойылады. Аурудың асқынбаған түрінде 2 ай аралығында 
элиминацияланады. HBsAg 12 аптадан аса сақталса, жедел В гепатиті созылмалы түріне 
айналады.
Кейбір науқастарда HBsAg аурудың клиникалық симптомдары көріне бастағаннан 
соң бірінші аптаның ішінде элиминацияға ұшырайды, сондықтан науқастардың 10% -да 
жедел В гепатиті анти-HВсIgM–ді анықтау арқылы ғана диагноз қоюға болады. 
Сарысудың бір сынамасына сүйене отырып, гепатиттің жедел немесе созылмалы 
түрін нәтижелеуге болмайды.
HВеAg.
HВеAg – HВсAg ыдырауынан пайда болатын өнім. Бұл маркер вирустың 
белсенді репликациясының және қанда көптеген вирустардың айналымының дәлелі. 


226 
Осындай пациент өте контагиозды болып саналады. Жедел В гепатит кезінде HВеAg 
серологиялық зерттеулер арқылы бірнеше күн ішінде, кейде бірнеше аптада анықталады. 
HВеAg қан сарысуынан HВsAg-ге қарағанда тез элиминацияланады. 
Қанда HВеAg-ді бір рет анықтағаннан гепатиттің жедел немесе созылмалы түрін 
нәтижелеуге болмайды.
HВсAg.
HВсAg – В гепатиті вирустың ядролық антигені, перифириялық қанда 
анықталмайды, өйткені сыртынан белок қабығымен қапталған. Оны гепатоциттер 
ядроларында анықтауға болады. 
Анти-HВs.
Анти-HВs реконвалесценция кезінде қан сарысуында анықталады
реинфекцияға қарсы иммунитеттің пайда болғанының дәлелі. 
В гепатитінен сауыққаннан кейін науқастарда анти-HВs және анти- HВс анықталады. 
Мұндай пациенттерден иммундық жолмен егілгендердің айырмашылығы, олар анти- HВs 
– оң және анти- HВс - теріс болады. 
Анти-HВс.
В гепатитімен ауырған барлық науқастарда ядролық антигенге қарсы 
антиденелер анықталады және өмір бойы сақталады. Бұл антиденелер жаңадан 
жұқтырылған жұқпаның немесе жаңа басталған қабынудың өте сезімтал маркері. 
Анти-HВс IgM В гепатитінің жедел фазасында анықталады және жұқпадан кейін 6 ай 
немесе одан да ұзақ сақталады. Бұл маркер В гепатиті вирустың созылмалы 
тасымалдаушыларында аз мөлшерде табылады. 
Осылайша, HВsAg
элиминациясынан кейін ауру кезінде «терезе» пайда болып
анти


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет