Болжамы. Легионеллездің болжамы қолайсыз. Легионеллезді өкпе қабынуында өлім қаупі 15-20% құраған.
Алдын алу шаралары. Аурудың басты профилактикалық шаралары - инфекцияның көздерін табу және оларды дезинфекциялау. Химиопрофилактика мен ерекше профилактика жете зерттелмеген. Жедел өкпе қабынуының өршуі және жаз-күз мезгілдеріндегі тыныс алу жолдарының ауруларының көбеюі эпидемиологиялық талдауды талап етеді. Өнеркәсіп объектілеріне, электростанцияларға, емдеу мекемелеріне жылына 2 рет профилактикалық тазарту және су жүйелерін тазалау жұмыстарын жүргізу қажет.