Патогенетикалық ем
Қабынуға қарсы қолданылатын препараттар. Бруцеллез кезінде әр түрлі жергілікті қабыну процестер дамығаннан соң қабынуға қарсы нестероидты препараттарды (ҚҚНП) қолдану қажет. Солардың ішінде: бутадион 0,15 г тәүлігіне 3 рет 10–15 күн бойы, диклофенак 0, 5 г тәүлігіне 3 рет 2-4 апта бойы, индометацин (метиндол) 0,025 г тәүлігіне 3 рет 4 апта бойы, ибупрофен 0,2 – 0,4 г тәүлігіне 3 рет 4 апта бойы. Бұл препараттарды инъекция ретінде, таблетка ретінде және жергілікті мазь ретінде қолдануға болады. Бұл препараттардың жанама әсері – ульцерогенді қасиеті бар. Жаңа бүынды ҚҚНП бұл әсерінің болмауынан олар бірінші орын алу қажет. Нимесулид 100 мг тәүлігіне 2 рет 2-4 апта бойы, мелоксикам 7,5–15 мг тәүлігіне 1 рет 2-4 апта бойы және басқалар.
Стероидты қабынуға қарсы препараттарды (преднизолон, дексаметазон) тек қана нейробруцеллез (менингит, менигоэнцефалит, миелит), жыныс жүйенің (орхит) зақымдануында қысқа курсымен қолдану қажет. Преднизолон 30 мг, дексаметазон 4-8 г, триамциналон – 20 мг тәүлігіне (орхит кезінде – 3 күн, ОЖЖның зақымдануында -5-7 күн).
Достарыңызбен бөлісу: |