Болжамы. Белдемелі герпестің гангренозды түрі көзді зақымдаған кезде менингоэнцефалит дамуы мүмкін. Қайталамалы қарапайым герпес әйел адамдардың жыныс мүшелеріне әсер етіп, жатыр мойнының қатерлі ісіктеріне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Алдын алу шаралары.Герпестік инфекцияның ауа-тамшылы жолмен таралуының профилактикасы ЖРВИ-дағы сияқты; жыныстық жолмен жұқтырудың алдын алу үшін жыныстық жолмен берілетін басқа инфекциялардың алдын алу шараларын қолдану керек.
Рецидивтердің (қайталануы) алдын алу үшін белсенділіксіз (инактивацияланған) герпестік вакцинаны қолдануға болады.