Алдын алу шаралары. Ауырған не өлген малды көмген жердің қоршауы және паспорты болуы керек;
Осы ауруға кәсіби байланысты адамдар (малшылар қауымы, ауыл тұрғындары, мал өнімдерін жинайтын, сақтайтын т.б.) мекемелерінің қызметкерлері ауырмас үшін жеке бас гигиенасы мен аурудың алдын алу шараларды орындауы тиіс;
Ауру малды, залалданған заттарды кезінде тауып, оны қауіпсіздендіру шараларын алдын ала қолданғаны абзал;
Санитарлық-ағарту жұмыстары мейлінше пәрменді жүргізілу керек;
Басқа да топырақ арқылы жұғу қауіпі бар жұмыстағы адамдар сақтанып жүргені дұрыс.
Жоспар бойынша ауруға қарсы егуге кейбір кәсіби мамандық адамдар жатады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің №623 (15 желтоқсан 2006 ж.) бұйрығының көшірмесі «Есепке алу және тіркеу кезінде адамның аса қауіпті жұқпалы аурулары жағдайларын анықтау жөніндегі медициналық қызмет саласындағы стандарттарды бекіту туралы»