Асқынулары– коллапс, жүрек-қантамыр жетіспеушілігі, плеврит, тромбофлебит, миокардит, эндокардит, энцефалопатия, артрит.
Диагностикасы Бактериологиялық әдіс. Диагноздың расталуы қаннан, дәреттен, қақырықтан Бернет риккетсиясының бөлінуі болып табылған. Бірақ риккетсиялар қоректі орталарда өте нашар өседі. Сондықтан бұл әдісті практикада қолданбайды.
Емдеуі. Этиотропты препараттар ретінде антибиотиктер пайдаланылады (тетрациклиндер - тетрациклин, доксициклин; левомицетин, фторхинолондар – ципрофлоксацин, офлоксацин; макролидтер – эритромицин, спирамицин, рокситромицин). Емдеудің патогенетикалық әдістері кең қолданылады. Әсіресе бұл Ку-қызбасының ұзаққа созылған және созылмалы түрлеріне қатысты.
Қазіргі жағдайда доксициклинді қолдану қажет: 0,1г х 2 рет, курстың ұзақтығы - дене температурасы қалыпқа келген соң 2 күн қосып жүргізіледі.
Болжамы. Өлім қаупі байқалмаған. Ку-қызбасының созылмалы түрлері иммунды тапшылық жағдайларда кездеседі.