Клиникалық көріністері. Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі № 12 кестеде келтірілген.
№12 кесте
Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі
Аурудың клиникалық түрлері
|
Біріншілік – ошақтық түрлері
|
Жайылмалы түрлері
|
Екіншілік– ошақтық түрлері
|
Аурудың кіру қақапасының орналасуы
|
Тері
|
Терілік
|
Екіншілік-жайылмалы түрлері
|
Өкпелік
Гепатиттік
Менинго-энцефалиттік
Септикалық
|
Тыныс алу жолдары
|
Жедел респиратор лы
Ангиноз-ды
(баспалы)
|
Ас қорыту жолдары
|
Гастроинтестинальды
(гастриттік, энтериттік, колиттік)
Абдоминальды
(аппендицит, мезаденит, ащы ішектің сег-ментарлы флегмонасы)
|
Белгісіз (иммунды тапшылық)
|
Анықталмай ды
|
Біріншілік-жайылмалы
|
Клиникалық кезеңдері
|
Жасырың кезеңі
|
Бастапқы кезең (1-3 күн)
|
Өршу кезеңі
|
Асқыну кезеңі
|
Инфекциялық процестің
кезеңдері
|
I. Организмге ену және біріншілік адаптация сатысы
|
II
Біріншілік-региональды инфекция сатысы
| III
Бактериямия
(генерализация) сатысы
|
IY
Паренхиматозды бекіну (гематогенді диссеминация арқылы екіншілік-ошақтық сатысы)
|
Ауру бірнеше кезеңнен тұрады: жасырың кезені (3-18 күн), бастпапқы кезең (1-3 күн), өршу кезеңі (3-6 күн), айығу кезеңі. Аурудың жедел, жеделдеу, созылмалы түрлерін ажырату керек. Аурудың созылмалы түрі үздіксіз, толқын тәрізді, рецидивті ағымымен өтуі мүмкін. Жасырың кезеннен кейін ауру көбінесе жедел басталады (80%). Бірден дене қызуы көтеріледі, науқас тоңады, басы аурады, әлсізденіп тәбеті қашады, бүкіл денесі, бұлшық еттері, буындары, бел аймағы аурады. Біраз адамның іші аурып, өтіді, құсу пайда болады. Енді біреулерінің жұтынғанда тамағы ауырады. Аурудың клиникалық көріністері қоздырғыштың мөлшеріне, организмге ену қақпасының орналасуына, берілу жолдарына және организмнің иммунды жаубаның күшіне байланысты (№ 9 кесте).
Науқастың түрі осы ауруға тән өзгереді: беті, мойыны, көзі қызарады, ісінкі тартады. Бірақ мұрын-ерін үшбұрыштығы керісінше соғын тартып бозарады. Ұшық шығуы, тамағының ісіп не қызаруы жиі кездеседі, таңдайында бөртпелер пайда болады – энантема. Аурудың көпшілігінде тұмау-сузектің барлық белгілері көрініс береді: мұрын бітеді, жөтеледі, тамағы аурады. Демек айтылған белгілер бір жағынан гриппке, екінші жағынан скарлатинаға, ұқсас болып келеді. Ауру басталғаннан кейін 1-4 күн ішінде денеге бөртпе шығады әртүрлі көлемде: дақ, нүкте тәрізді ұсақ, біреуде қызылшадағы, біреуде қызамықтағы бөртпелерге ұқсайды. Бөртпелер табиғи қартпалар аймағында, аяқ-қолдың бастарында, буын тұстарында қоюланады, бөртпеге симметриялық орналуы тән, бетте сиректеу кездеседі. Бөртпе тез пайда болып, тез жойылып кетуі мүмкін, науқас жатқанда білінбейді, ал тұрғанда анық көрінеді. Бұл кезде «шымшу», Пастия симптомдары табылады. 2-3 аптадан кейін бөртпе шыққан жерлердегі дененің терісі түлейді. Аурудың жалпы улану белгілерінің және ошақтық белгілерінің дамуы жоғарғы деңгейіне жетеді. Аурудың аур түрінде сепсистің барлық белгілерін анықтауға болады.
Шеткі қанда: нормоцитоз, лейкопения анықталады, лейкоцитоз сирек кездеседі.
Балаларда ауру продромсыз өте тез басталады; скарлатина тәрізді бөртпе ерте және жиі кездеседі; тыныс жолдары жиі зақымданады, жедел респираторлы инфекцияға өте ұксас өтеді; ас қорыту жолдарының қабыну процестері ересектерге қарағанда жие кездеседі; лимфа жуйесі көбірек өзгереді, неше түрлі лимфадениттермен қатар гепатит, аппендицит жиі кездеседі.
Псевдотуберкулездің клиникалық ерекшеліктері:
Патогенезге сәйкес инфекциялық процеске барлық ішкі ағзалар мен жүйелер қатысатын болғандықтан аурудың сыртқы көріністері полиморфты.
Бір науқаста бір мезгілде бірнеше жүйенің зақымдануының белгілері анықталып көп-жүйелі процесс дамиды.
Асқорыту жүйесі патологиялық процеске міндетті түрде ұшырайды, себебі қоздырғыш алиментарлы жол арқылы беріледі. Сондықтан науқастарда осы жүйе бойынша өзгерістерді анықтап сұрау қажет.
Осы айтылған қорытындыдан бұл ауруға диагноз қоюдың қиындығы туындап отыр.
Диагностикасы. Псевдотуберкулез диагнозын анықтау стандарты №13 кестеде келтірілген.
Лабораториялық әдістер:
Бактериологиялық әдіс. Көмей мен жұтқыншақ жағындысын, қанды, зәрді, нәжісті қоректі орталарға себіп термостат арқылы емес, тоңазытқыш арқылы өсіреді. Осымен қатар операциядан кесіліп алынған материалдар, көк өністер, су қолданылады. Бірақ қоздырғыш өте жай өседі (10 күн).
Серологиялық реакциялар – тікелей емес агглютинация реакциясы, гемагглютинация, бактериальды лизис, имуноферменттік анализ қолданылуда.
Жаңадан енгізілген арнайы антиген байланыстырушы лимфоциттер анықтау әдісі иммунды диагностикаға жатады.
Емдеуі. Этитропты ем: антибиотиктердің ішінде левомицетин, фторхинолондар, цефалоспориндер температура қалпына келгеннен соң тағы да 5 – 10 күн беріледі. Аурудың ауыр түрінде цефалоспориндермен бірже фторхинолондарды тағайындау қажет. Патогенетикалық ем: дезинтоксикация кезінде, кристаллоидты ертінділер, менигеальды синдром болса – дегидратация қатар жүргізіледі, аллергиямен күресу, геморрагиялық өзгерістерге жол бермеу, қан тамырларының қабырғасын жарақаттанудан қорғау, гепатит болса гепатитті емдеу. Оң жақ илеоцекальды бұрыштағы өзгерістедің көбі терминалді илеит, мезаденит, тифлит, аппендицит операция жолымен емдеуді қажет етеді.
Аурудың алдын алу санитарлық ағарту шараларын іске асыру.
№13 кесте
Псевдотуберкулез диагнозын анықтау стандарты
Псевдотуберкулезге күмәндану
|
Псевдотуберкулездің болуы ықтимал
|
Дәлелденген псевдотуберкулез
|
¨Жедел немесе баяу басталатын ауру, келесі клиникалық көріністерімен сипатталған:
Жалпы нышандар: қызба, артралгиялар, іш аймағында ауру сезімі, нәжістің сұйықталуы, бауырдың ұлғаюы, жалпы улану белгілері.
Жергілікті көріністер: полиморфты бөртпе, энантема, лимфа түйіндердің ұлғаюы, катаралді көріністер (жедел респираторлы вирусты инфекция немесес тонзиллит тәрізді).
Псевдотуберкулездің клиникалық түрінің нышандары.
Эпидемиологиялық мәліметтер:
Øкеміргіштермен жанасу, көкөністер базасында жұмыс істеу
Және
¨келесінің біреуі:
Ø шикі көк өністерді қабылдау.
Øауылшаруашылық өндірістігінде, жұмыс істеу
|
¨ Күмәндану жағдайға сәйкес ауру
Және
¨келесі эпидемиологиялық белгілердің біреуі:
Øэпидемиологиялық анамнез;
Øқалалық және дәлелденген аурумен эпидемиологиялық байланыс;
Ø залалданған шикі көкөністермен жеміс-жидектерді қабылдау;
Ø ТГАР және АР «оң» нәтижесі
|
¨ Күмәндану жағдайға сәйкес ауру
Науқастан немесе науқас қабылдаған тағамдардан Y. Enterocolitica дақылы бөлінуі;
Ø ТГАР агглютинациялық антиденелердің «оң» нәтижесі
Ø ИФА және АР Y. Enterocolitica антигені арнайы поливаленті антиденелік иммунореагентермен экспресс-анықталу
Ø серологиялық реакциялардың нәтижелерінің комплексті қолдану қажет;
Ø бактериологиялық әдіспен қоздырғышты анықтау мүмкіншілігі төмен.
|
Достарыңызбен бөлісу: |