Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет275/400
Дата07.02.2022
өлшемі5,03 Mb.
#91417
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   400
Байланысты:
infekcialik-aurular (1)

Тарихи мәліметтері. Бөртпе сүзегін дербес нозологиялық түрге алғаш рет орыс дәрігерлері Я.Щировский (1811 ж.), Я.Говоров (1812 ж.) және И.Франк (1855 ж.) бөлген. Бөртпе сүзегін жұқтырудағы биттің рөлін тұңғыш рет Н.Ф.Гамалея 1909 ж. анықтаған. Ал бөртпе сүзегінің қанға жұғуын өзіне-өзі тәжірибе жасау арқылы О.О.Мочутковский дәлелдеген берген.
Этиологиясы. Аурудың қоздырғышы Rickettsia prowazekii - майда, қозғалмайтын спора мен капсула түзбейтін плеоморфты микроорганизм. Грам - теріс, Романовский-Гимзе, П.Ф. Здродовский және Морозов бойынша күмістеу әдісімен боялады. Гемолизин және эндотоксин бөледі. Термостабильды соматикалық антиген және термолабильды түрге тән антигені бар. Адам организмінде эндотелиальды және мезотелиальды жасушалардың цитоплазмасында, тышқанның өкпесінде, тауық эмбрионында және тоқыма дақылдарында өмір сүреді. Төменгі температурада және кепкен күйінде биттің нәжісінде ұзақ сақталады. Қыздыруға және дезинфекциялаушы заттардың жәй концентрацияларына сезімтал. Антибиотиктерге жоғары сезімтал (тетрациклин, левомицетин, эритромицин, рифампицин).
Эпидемиологиясы. Эпидемиялық бөртпе сүзек эпидемиялық таралуға бейім антропонозды трансмиссивті риккетсиоз.
1. Аурудың көзі мен инфекция резервуары - эпидемиялық бөртпе сүзегімен ауыратын науқас адам, Брилль ауруының риккетсиемия кезеңіндегі науқас адам. Аурудың жұқтыру қауіпі инкубациялық кезеңнің соңғы 1-2 күнінен бастап, қызба кезеңінде және апирексия кезеңінің алғашқы 2 күні бойынша сақталады.
2. Жұғу механизмі – трансмиссивті. Риккетсия тасымалдаушысы – негізінен киім биті, сирек баста болатын биттер. Биттер инфицирленген қанды сорғаннан соң 4-5 күннен кейін немесе тіршілік ету барысында (14-17 күн) нәжісімен риккетсияларды бөліп шығарады. Бит адамды шаққанда сілекей арқылы қышу сезімін шақыратын фермент бөледі. Адам бит тістеген терісін қасығанда олардың нәжісін терісіне енгізеді. Риккетсиялармен инфицирленген битті теріге езгенде немесе жарақаттанбаған теріге инфицирленген жәндіктердің экскрементін жаққанда жұқтырады. Сирек инфицирленген материал көздің коньюнктивасына немесе тыныс жолдарына түскенде (лабораториялық жағдайда) жұқтырады.
3. Қабылдаушы макроорганизм. Барлық жас тобындағы адамдар бөртпе сүзегін қабылдауы жоғары. Ауру қыс-көктем мезгілінде өршиді, оған әкелетін қолайлы жағдайлар, адамдардың көп топталуы, витаминдердің жетіспеушілігі және адамның денесі мен киімі арасында биттің дамуына қолайлы оптимальды температуралық жағдайдың туындауы.
Патогенезі: Бөртпе сүзектің патогенезі 5 сатыдан тұрады:

  1. Организмге риккетсиялардың енуі және тамырлардың эндотелий жасушаларында көбеюі.

  2. Эндотелий жасушаларының бұзылуы және риккетсиялардың қанға түсуі – риккетсиемия /токсинемия/ - аурудың клиникалық көріністерінің басталуы.

  3. Барлық мүшелер мен жүйелердің тамырларының функциональды бұзылыстары – вазодилатация, паралитикалық гиперемия және қан айналымының баяулауы.

  4. Капиллярлардағы деструктивті- пролиферативті өзгерістер – тромб және арнайы гранулемалардың түзілуі.

  5. Организмнен қоздырғыштың бөлініп шығуы, иммунитеттің пайда болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет