Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет383/400
Дата07.02.2022
өлшемі5,03 Mb.
#91417
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   400
Байланысты:
infekcialik-aurular (1)

Патогенезі. Стрептококк - адам ағзасының шартты патогенді флорасы болып табылады, бірақ барлығында тілме дами бермейді. Кейбір адам ағзасында стрептококқа қарсы генетикалық детерминирленген реакция қалыптасқан. Стафилакоктар сияқты, стрептококтар да адам терісінде, шырышты қабықшаларында қалыпты сақталады, сондықтан жергілікті және жалпы иммундық реакцияларға тұрақты антигендік стимул тудырады. Бірақ тілмені тудыратын А тобындағы стрептококтың (АТС) алтынды стрептококтан ерекшелігі, терінің қалыпты флорасының компоненті емес, теріде патологиялық өзгерістер табылғанда АТС теріні басып алады. В.Л.Черкасов айтуы бойынша, тілме патогенезінің маңызды бір факторына - гемолитикалық стрептококқа қарсы баяулаған типті жоғары сезімталдықтың түзілуін жаткызады, ол аурудың созылмалы рецидивтік ағымын түсіндіреді. Патологиялық процестің тағы бір ерекшелігі - стрептококтың жергілікті біріншілік репликациясы мен оның ағзада таралуы. АТС-та көп мөлшерде сыртқы ортаға түзілетін, биологиялық белсенділігін кең спектрлі байланыстырушы тін бар. АТС патогендік факторының жиынтығы әлі сипатталмаған. В.Л.Черкасовтың пікірі бойынша, терінің бұрынғы тілмелік қабыну орнында немесе аймақтық лимфа түйіндерінде созылмалы стрептококты инфекцияның ошағы түзіледі. Кеш рецидивтер стрептококктардың жаңа серологиялық түрімен реинфекция нәтижесінде дамиды. А тобының стрептокогы терінің лимфа тамырларына ене отырып қарқынды түрде көбейеді, ол терінің барлық қатпарында серозды немесе серозды геморрагиялық қабыну тудырады. А тобының стрептокогы өмір сүру және өлу процесінде көп мөлшерде токсиндер өндіреді. Өндірген токсиндері мен ферменттері интоксикация дамуын тудыратын, қызба және жергілікті зақымдау факторы болып табылады. АТС тікелей зақымдаумен қоса, қоздырғыш аяқталған фагоцитоздан гуморальды иммунитеттің жою әсерінен құтылуына мүмкіндік беретін депрессорлық әсер көрсетеді. Терінің микрожараларына инфекция енгенде немесе эндогенді инфекция өршігенде тілме дамиды.
Рецидивті тілменің пайда болуында стрептококктар тудыратын ағза аллергиясына көп мән беріледі. Рецидивті тілмеде біріншілік тілмеге қарағанда қанның гистоаминопектикалық индекстің бірден төмендеуі байқалады. Ол ағзаның аллергиялық қайта құрылу көрсеткіші болып саналады.
Рецидивті тілменің глюкокортикоидтар арасындағы және минералокортикоидтар арасындағы қарым-қатынастың өзгеруінен көрінетін гипофиздік бүйрекасты жүйесінің бұзылу қасиеті бар. Бір уақытта рецидивті тілмемен ауыратын науқастарда альдестерон экскрециясы күшейеді және пропердин титрі басқа инфекциялық аурудағыдай (ревматоидты артрит, созылмалы тонзиллит, ревматизм) төмендейді. Осының бәрі кейін де, аллергияның дамуында ағзаның қорғану күшінің төмендеуіне, теріде қоздырғыштың созылмалы ошағының дамуына, лимфоайналымының терең бұзылуына әкеледі. Тілме ауруының рецидиві жоғары арнайы сезімталдылығы қалыптасқан ағзаның инфекция ошағында дамиды
Адам ағзасы өмір ағымында осы қоздырғышпен бірнеше рет кездеседі, сондықтан жастың үлкеюімен А тобының стрептококк сенсибилизация деңгейі де жоғарлайды. Осы тұрғыдан тілме ауруымен ересек және қарт адамдар жиі, балалардың сирек ауыруы түсінікті болып келеді.
№26 кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет