Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет57/400
Дата07.02.2022
өлшемі5,03 Mb.
#91417
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   400
Байланысты:
infekcialik-aurular (1)

Тырысқақ (холера)
Анықтамасы. ТырысқақVibrio cholera бактерияларымен қоздырылатын, фекальды-оральды механизммен берілетін, көп мөлшерлі сулы диареяның, құсудың әсерінен дамитын дегидратация және деминерализациямен сипатталатын жедел карантинді және конвенциялық жұқпалы ауру.
Тақырыптың өзектілігі.
1. Біріншіден тырысқақ аса қауіпті контагиозды, карантиндік, конвенциялық, пандемиялыққа бейімді жұқпалы ауру.
2. Екіншіден көрші елдерден (Пакистан, Өзбекистан, Қырғызстан) тырысқақты әкелу қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Тарихи мәліметтер. Тырысқақ ерте заманнан белгілі ауру . XIX ғасырдың басында бұл ауру Үндістанның жарты аралында таралған, бірақ басқа региондарға кірмеген. 108 жыл бойы 1817 жылдан 1925 жыл аралығында тырысқақтың 6 пандемиясы байқалған. Осы кезде 4,5 млн. адам ауырып, оның 2 млн. тырысқақтан қайтыс болған. Тырысқақ ауруының қоздырғышын Vibrio cholerae-ны 1872 ж. Ресейде Э.Недзвецкий ашты, бірақ таза дақылы алынбаған. 1883 ж. Р.Кох толығымен зерттеп, ауру қоздырғышының таза дақылын бөліп алды. 1906 ж. Неміс ғалымы Фридрих Готшлих карантинді El Tor станциясында тырысқақтың екінші қоздырғышын бөліп алды. Қазіргі уақытта тырысқақтың 7 пандемиясы бақылануда. Классикалық
вибрион қоздырғышы ЭльТор вибрионына ауысты. Бұл түрінде ауру салыстырмалы түрде қатерсіз өтеді. Өлім көрсеткіші азайды. Соңғы пандемияның тағы бір ерекшелігі жиі вибрион тасымалдаушылық қалыптасады. Тырысқақ барлық континентерде тіркеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет