Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет86/400
Дата07.02.2022
өлшемі5,03 Mb.
#91417
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   400
Байланысты:
infekcialik-aurular (1)

Клиникалық көріністері полиморфты, ағзаның иммунды жүйесіне байланысты, жекеше болып табылады. Көбінесе субклиникалық, көмескі түрлері кездеседі. Аурудың өршуіне иммунды тапшылық, ферментативті бұзылыстар, жедел ішек инфекциялары, антибиотиктерді көп қолдану, дисбактериоз себеп болады.
Инкубациялық кезең 7-28 күн, көбінесе 2 апта.
Ең жиі кездесетін симптом: асқорыту жолының жоғарғы бөлігінің қызметінің бұзылуы, негізінен асқазан (48%), сирек ащы ішектің асқорытуы симптомдары (35%), сирек өт бөлу жүйесі (19%). Лямблиоздың ішектік түрінің ерте кезеңіне тән симптомдар: айқын диспепсиялық синдром, кекірік, қыжыл, тәбеттің төмендеуі, ішекте толғақ тәрізді ауыру сезімі, ішектің кебуі, құрылдауы. Науқастың тілі жабындымен жамылған, эпигастрий аймағында ауыр сезімі анықталады. Энтерит пен стеаторея көріністері болады. Нәжіс тәулігіне 3-4 рет, сулы консистенциялы, жағымсыз иісті, көпіршіктенген болады, қан қосындылары болмайды. Жедел кезеңінде ауру жақсы емделінеді, 1-4 аптаның аралығында клиникалық көріністері жойылады. Егер науқас этиотропты ем қабылдамаса, иммунды жетіспеушілік фонында ауру созылмалы түріне ауысып, айлар –жылдарға созылуы мүмкін. Ұзаққа созылған ұрдіс науқастың салмағын жоғалтуына себеп болады. Ауру өршіген кезде әлсіздік, бастың ауыруы, диспепсиялық бұзылыстар, гастродуоденит көріністері байқалады. Балалар мазасыз болады, әр түрлі аллергиялық көріністер, терінің қышуы, бронхиальді астма дамуы мүмкін.
Науқастарда гастриттің, дуодениттің, энтериттің, сирек энтероколиттің, өт жолдарының дискинезиясының, панкреатиттің, нейроциркуляторлы дистонияның, ағзаның сенсибилизациясының бейнелері болады. Бактериалды инфекция қосылғанда, клиникасы ауыр түрде болады.
Диагностикасы. Асқазан-ішек жолының ауруларының барлық себептерін анықтағаннан кейін, лямблиозға күмәндану керек. Лабораториялық әдістің негізгі жолы – нәжістен, дуоденальді ішектен микроскопия арқылы вегетативті түрлерін, цисталарын анықтау. ИФА жүргізуге болады, бірақ бұл әдіс паразитологиялық зерттеу арқылы дәлелденуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет