РЕОВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯ
Анықтамасы. Реовирусты инфекция – жоғарғы тыныс жолдарының және асқорыту жолдарының зақымдалуымен көрінетін жедел жұқпалы ауру.
Этиологиясы.Қоздырғышы Reoviridae тұқымдастығына жататын, құрамында РНҚ бар вирус.
Клиникалық көрінісі: Инкубациялық кезең -2-5 күн. Ауру біріңғай интоксикациямен өтеді. Науқас әлсіздікке, тоңғыштыққа, бастың ауыруына, жөтелге шағымданады. Кейбір науқастарда құсу, диарея, іштің ауыруы пайда болады. Дене қызуы субфебрилді, кейде 38-39°С-қа дейін жоғарылайды.
Қарап тексергенде: склералар мен конъюнктивалар тамырларының инъекциясы, аңқа гиперемиясы. Кейде полиморфты экзантема пайда болады. Өкпеден қатайған тыныс, құрғақ сырылдар естіледі. Іштің пальпациясы арқылы оң жақ мықын аймағындағы ауыру сезімі, ішектің құрылдауы анықталады. Кейде бауыр үлкеюі мүмкін.
Гемограммада: кейде біріңғай лейкопения және лейкоцитоз, ЭТЖ қалыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |