Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет12/30
Дата13.04.2020
өлшемі6,59 Mb.
#62353
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия


 
ОМЫРТҚА ОСТЕОХОНДРОЗЫ 
ОСТЕОХОНДРОЗ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ 
Остеохондроз  -  омыртқа  жүйесінің  аса  жиі  кездесетін  аурулық 
/патологиялық/  өзгерістерінің  бірі.  "Остеохондроз'  деген  терминді  тұңғыш 
рет  1933  жылы  неміс  ғалымы  Хильдебрант  омыртқааралық  дискілердің  
кеберсіп тозуын бір сөзбен анықтау үшін ұсынған еді. 
Омыртқа  мен  омырткааралык  дискілердің  зақымдануынанықтау  үшін 
басқа  да  терминдер  қолданылып  жүр  /мысалы,  дискоз,  дискартроз  - 
омырткааралық  дискілердіңзақымдануы/.  Дегенмен  дәрігерлер  арасында  да, 
халық арасында да ең кең тараған термин - "остеохондроз". Бұл ауру кезінде 
омыртқа  аралық  дискілер  кұрайтын  шеміршектер  мен  омыртқа  сүйегі 
патологиялық  өзгерістерге  ұшырайды.  Сүйекті  латынша  "оетеон",  ал 
шеміршекті  "хондрос"  деп  атайды.  Сондықтан  да  омыртқа  желісінің  әр 
тұсында кездесетін науқастың бұл түрін омыртқа остеохондрозы дейді. 
Омыртқа 
остеохондрозының 
пайда 
бола 
бастаған 
кезінде 
омыртқааралық  дискілер  кеберсіп  сола  бастайды  да,  бірте-бірте  олардың 
құрылысы  өзгереді,  сөйтіп  бұл  процестер  асқына  келе  омыртқалардың 
сыртын және оларды жалғастыратын буындар мен түйіндерді зақымдайды. 
Остеохондрозбен  көптен  бері  шүғылданып  келе  жатқан  ғалымдардың 
бірі  Г.С.  Юмашевтің  пікірі  бойынша  омыртка  желісінің  кеберсіп  тозуы  екі 
түрлі  болады:  біріншісі  спондилез  -  омыртқа  желісінің  табиғи  өзгеруі; 
екіншісі - остеохондроз  омыртқааралық  дискінің  кеберсіп  тозуымен  қатар 
оның құрылымының  бұзылуы.  Остеохондрозбен  зақымдануәуелі  былқылдак 
ядродан  басталады  да  омыртқааралық  дискінің  басқа  да  элементтеріне 
таpaтады. 
Омыртқа  остеохондрозы  салдарынан  шеміршектердің  солып  тозуымен 
катар  олардың  шіруі  де  мүмкін.  Науқас  асқына  бастаған  кезде  шеміршектер 
мен  іргелес  омыртқалардың  сүйектері  де  тозып,  құрылысы  өзгереді.  Осы 
аталған  өзгерістердің  әсерінен  омыртқа  сүйектерінің шет  жағында  қосымша 
өсіктер пайда болады. Бұл өзгерістерді  дәрігерлер остеофиттер /сүйектердің 
өсуі/ деп аталады. 
Адамның жасы ұлғайған сайын омыртқааралык дискілер әлсіреп, әуелгі 
қалпынан  өзгеріп,  жалпая  бастайды.  Тіпті  дискілерде  жарықшақтар  пайда 
болады.  Сөйтіп  солар  арқылы  былқылдақ  ядро  кей  жағдайда  сыртқа  шығып 
кетеді. Салмақ көп түсетін бел омыртқа сырқатқа көбірек шалдығады да, ол 
кеселді  өзгерістерге  ұшырайды.  Mіне,  остеохондроз  дегеніміз  осы. 
Остеохондроз  -  омырткааралық  дискінің  зақымдануы,  соның  салдарынан 
бірімен-бірі  жалғасқан  омыртқа  сүйектерінің  өзгеріске  ұшырауы. 
Остеохондрозға  душар  болған  кезде  тек  омыртқааралық  дискілер  ғана  емес, 
омыртқаның  өзінде  де  өзгерістер  пайда  болады.  Мұны  медицина  тілінде 
реактивті  өзгерістер  дейді.  Омыртқаның  жалғаскан  екі  басында  өсетін 
сүйекті  "тұз  тұнбасы"  деп  те  атайды.  "Тұз  тұнбасының"  әсерінен  жалғасып 

114 
 
жатқан омыртқалардың қозғалысы бәсеңдейді. 
Еңбек үстінде денеге көп күш түсіретін кәсіптер әлі аз емес. Ал қандай 
дене  еңбегі  болса  да  белгілі  бір  дәрежеде  омыртқаға  ауыртпалық  түсіреді. 
Сырқаттың  пайда  болуының  тағы  бір  себебі  ретінде  ауа  райының 
қолайсыздығын, шамадан тыс ылғалдылықты, суықты айтуға болады. 
Адам  белгілі  бір  қалыпта  ұзақ  тұратын  болса,  мысалы  ұзақ  уақыт 
еңкейіп  немесе  мойын  бұрып  отыратын  болса,  омыртқа  арасындағы 
дискілерге  зиянын  тигізеді.  Қолды  созып,  еңкейіп  отыру  әріп  терушілерге, 
машинка  басушыларға,  тігіншілерге  тән  болса,  сауда  қызметкерлері, 
шаштараздар, хирургтер үнемі түрегеп жүріп жұмыс істейді. 
Бір  қалыпты  діріл  жағдайында  жұмыс  істеу,  қайта-қайта  денені 
еңкейтіп-шалқайтып  еңбек  ету  (ара  тартушылар    жер  қазушылар,  кір  жуу) 
остеохондрозға  соқтыратынжағдайлар. 
Ауыл  шаруашылығында  әсіресе,  егін  даласында  еңбек  ететін  адамдар 
кейбір жұмыстарды атқарғанда көбіне еңкейіп жүреді, денелерін бір қалыпты 
жағдайда  ұстап,  мойындарын,  бүкіл  омыртқа  желісін  қозғауға  мәжбүр 
болады.  Осындай  жұмыс  процесінде  олар  әр  түрлі  салмақтағы  заттарды 
(жәшіктер, 
кәрзеңкелер, 
бидондар, 
т.б.) 
көтереді. 
Тракторшылар, 
комбайншылар,  т.б.  агрегаттарда  жұмыс  атқаратындар  әр  түрлі  қолайсыз 
қозғалыстарға  (селкілдеу,  шайқалу)  душар  болатындығы  көпшілікке  мәлім. 
Денені тік ұстап жүрмеу де, жүк көтерудің әдісін білмеу деомыртқаға зиянын 
тигізеді.  Ең  дұрысы  -  еңкеймей  тік  жүру.  Сонда  дененің  барлық  салмағы 
жамбасқа  түседі.  Сөйтіп  омыртқааралық  дискілер  бірқалыпты  тозады, 
формасын  өзгертпейді.  Адам  алдына  ұстаған  жүкті  тізесін  бүкпей  еңкейіп 
көтерген  жағдайда  остеохондрозға  жиі  ұшырататынын  дәрігерлік 
тәжірибемізден  көріп  жүрміз.  Сонымен  бірге  салмақ  көп  түссе,  ауруға  да 
соғұрлым себеп көп болады. 
Гимнастикамен  айналыспайтын,  көбінесе  отырып  жұмыс  істейтін 
адамдардың бұлшықеттері әлсіз болады. Содан барып, тіпті аз салмақтың өзі 
де олардың омыртқаларына тікелей әсер етеді. 
Кейде  спорт  ойындарында  жаттыққанда  және  жарыс  кездерінде 
тәртіптен  ауытқу  –  остеохондрозбен  ауруға  себепкер  болады.  Оқыс  секіру, 
жұлқи  көтеру,  тез  қозғалғанда  қамсыз  болу  -  осы  сырқаттың  тууына  жағдай 
жасайды. 
Елу  жас  шамасындағы  адамдардың  омыртқаларындағы  былқылдақ 
ядроның  қасиеті  бәсеңсіп,  омыртқааралық  дискі  қатая  бастайды.  Ал, 
остеохондрозға  ұшыраған  кезде  былқылдақ  ядро  жылдам  әлсірейді.  Сөйтіп, 
шағын  ауыртпалықтың  өзінен-ақ  талшықты  сақинада  жарықшақтар  пайда 
болып,  дискінің  бетіне  жарақат  түсуі  мүмкін.  Бір  дискідегі  өзгеріс  одан  әрі 
өршіп, келесі омыртқаларға тарала береді. 
Остеохондроздың  басты  белгісі  -  омыртқааралық  дискінің  бетіндегі 
шеміршектің  бірте-бірте  іріп,  жансыздануы.  Осылайша,  дегенеративті  және 
деструктивті  өзгерістерге  басқа  омыртқалардың  сүйектері  де  ұшырайды. 
Үнемі  қажалып,  тітіркенетін  кеміктің  айналасына  сүйек  өсе  бастайды. 
Омыртқалар біріне-бірі өте тығыз жақындасады. 

115 
 
Омыртқааралық  дискінің  зақымданып,  өзгеріске  ұшырауын  ғалымдар 
остеохондроздың  асқынуымен  байланыстыраотырып,  оны  төрт  кезеңге 
бөледі.  Бірінші  кезең  –  дискініңөз  ішіндегі  сұйық  заттың  орын  ауыстыруы. 
Екінші  кезең  омыртқаның  орнынан  қозғалуы  және  зақымдануы.  Үшінші 
кезең  -  дискінің  бөлініп,  әр  жерден  бұжырланып  бітуі.  Еңсоңында  дискінің 
өзгерістері омыртқаның кемік сүйектеріне ауысады. 
 
МОЙЫН ОМЫРТҚА ОСТЕОХОНДРОЗЫНЫҢ НЕВРОЛОГИЯЛЫК 
БЕЛГІЛЕРІ 
Мойын омыртқа остеохондрозы бел омыртқа остеохондрозынан  кейінгі 
екінші  орында  тұр.  Науқастыңбұл  түрі,  әсіресе,  ауыр  жұмыс  атқаратын 
адамдардын арасында жиі кездеседі. 
Тиісті  әдебиеттерде  келтірілген  мағлұматтарға  қарағанда,  мойын 
омыртқа  остеохондрозы   әйелдер мен еркектердебірдей кездеседі екен. 
Мойын  омыртқа  остеохондрозына  ұшыраған  жағдайда  жұлын 
нервтерінің зақымдануымен қатар қантамырларының қысылуы, вегетативтік 
және  трофикалық  өзгерістер  дежиі  кездеседі.  Кейде  жұлын  қызметінің 
әлсіреу белгілері байқалады. Остеохондрозға байланысты омыртқа сүйегінде 
пайда  болатын  өскіндердің  жұлынды  қысуы  немесеоған  келетін  қан 
тамырларының  өзгеруі  жұлын  қызметін  әлсіретеді.  Ал  омыртқаның  шет 
жағында  болатын  остеофиттер  жұлыннан  омыртқааралық  тесіктер  арқылы 
шығатын жүйке талшықтарын қысады. Бұл  жағдайда  мойын  радикулитінің 
белгілері пайда болады. 
Kөп  жағдайда  мойын  омыртқа  остеохондрозына  шалдыққан 
адамдардың мойындары ауырады. 
Мойын  радикулиті  кезінде  жүйке  тамырлары  жаншылғандығының  
алғашқы  және  кейінгі  белгілері  мойын  мен  кеуденің  қосылған  жерінде, 
қолда білінеді. Қатты қақсап, шаншып, ток соққандай тітіркендіріп ауырады. 
Ауру  жоғарыдан  төмен,  иықтан  тоқпан  жілікке,  кәрі  жілікке,  шынашаққа 
карай  тарайды.  Кейде  кол  ұйығандай  болады,  құмырсқа  жорғалағандай 
тітіркендіреді.  Жөтелгенде,  түшкіргенде,  күшенгенде,  басты  еңкейтіп  – 
шалқайтқандаауру катты білінеді. 
Әдетте,  аурудың  бір  жақтан  ұстайтыны  бар.  Сонымен  бірге  екі  жақтан 
бірдей  ұстайтын  радикулитте  кездеседі.  Ауру  ұстаған  кезде  басты  қозғалту 
қиындайды,  адам  ауырған  жағына  қарай  қисая  береді.  Сырқатқа 
киінуге,қолды  көтеруге  мұрша  бермейді.  Кейде  қозғайтын  талшықтардың 
зақымдануынан  адам  әлсіреп,  бұлшықеті  әлжуазданады  да,  шынашағы 
қозғалмай  қалуы  мүмкін.  Рентген  арқылы  тексергенде,  омыртқалардың 
арасы тарылғаны байқалады. 
Көптеген  ғалымдардың  соңғы  кездегі  зерттеулері  мойын  омыртқа 
остеохондрозы  мен  науқастанатын  адамдардын  10-28%-ның  жүpeгi 
ауыратынын  қөрсетті. Осының салдарынан көптеген аурулар өздеріне жүрек 
ақауы "стенокардия", тіпті "инфаркт" сияқты диагноздар қойып алады. 
 
 

116 
 
КЕУДЕ ОМЫРТҚА ОСТЕОХОНДРОЗЫНЫҢ НЕВРОЛОГИЯЛЫҚ 
БЕЛГІЛЕРІ 
 
Кеуде  омыртқалары  остеохондрозға  шалдыққан  жағдайда  остеофиттер 
(өсіктер)  көбіне  омыртқаның  екі  жағы  мен  алдына  таман  пайда  болалы. 
Омыртқааралык  дискілердің  кеуде  тұсында  болатын  остеохондроздың 
белгілері  көбінесе  төменгі  омыртқаларда  жиі  кездеседі.  Мысалы,  бірінші-
бесінші  арқа  омыртқаларында  остеохондрозға  байланысты  өзгерістер  өте 
сирек кездесетін болса, алтыншы-сегізінші арқа омыртқаларында жиірек, ал 
тоғызыншы  арқа  омыртқасынан  төмен  қарай,  әсіресе  он  бірінші  арқа  
омыртқасында мұндай өзгерістер жиі кездеседі. 
Кеуде  радикулиті  кезінде  екі  жауырынның  арасыayырады,  кеудеге 
құрсау  салып  тастағандай  сезіледі.  Денеге  ауыр  күш  түскенде  немесе  адам 
белгілі бір қалыпта ұзақ жатып қалған жағдайда ауыруы қатты білінеді. 
Сондықтан, сырқат адам ара-тұра қозғалып, денесінің калпын өзгертуге 
мәжбүр  болады.  Көбінесе  жауырын  асты,  жауырыннын  ортасы  күйіп  бара 
жаткандай ашып, сыздап немесе солқылдап ауырады. 
Әсіресе  түн  ортасы  кезінде  сырқат  адам  кеудесін  темір  құрсаумен 
қысып тастағандай сезінеді. Аунайтын болса, едәуір ауырсынады. 
Сыртынан  қарағанда  омыртқа  желісі  арқаның  орта  тұсына  келгенде 
солға қарай қисайыңқырағаны байқалады. Қозғалған кезде арқасы ауырады. 
Арқаның  ұзын  бұлшықеті  ширыққан.  Омыртқа  желісінің  артқы  қырын 
құрастыратын омыртқа тарамдарын саусақпен ептеп соққан кезде 11-12 арқа 
омыртқаларының  тұсында  пайда  болатын  ауру  жотадан  жүрекке  қарай 
тарайды да, жүректің соғуы жиілейді. 
Кеуде  омыртқаларын  рентген  арқылы  тексерген  кезде  омыртқа 
желісінің  арқа  тұсының  солға  қарай  кисайғандығы,  алтыншы-тоғызыншы 
арқа  омыртқаларының  қалыпты  жағдайдан  едәуір  кішірейгендігі,  олардың 
тұрқының 
аласарғандығы 
және 
омыртқааралық 
саңылаулардың 
тарылғандығы анықталады. 
 
БЕЛ ОМЫРТҚАЛАРЫ ОСТЕОХОНДРОЗЫНЫҢ 
НЕВРОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ 
Бел  омырткаларының  шеткі  сабақтары  қабырғаның  рудименті  болып 
есептеледі де, алға қарай иіліңкіреп тұрады. Осы шеткі сабақтарда омыртқа 
артериясы,  венажәне  жүйкелер  өтетін  тесіктер  бар.  Остеохондрозға 
ұшыраған кезде пайда болатын өсіктер (остеофиттер) осы тесікті тарылтады 
да  сол   арқылы  өтетін жүйкелер мен  қантамырларын қысады. 
Омыртқа  желісінің  бел  тұсында  болатын  патологиялық  өзгерістерге 
байланысты  кездесетін  неврологиялық  өзгерістердің  ең  жиі  тараған  түрі- 
бел-сегізкөз  радикулиті.  Емханаларданевропатологтарға  қаралып,  емделіп 
жүрген 
науқастардың 
40-50% 
осы 
бел-сегізкөз 
радикулитімен 
ауыратындығы казіргі уақытта көпшілікке мәлім. 
Бел-сегізкөз  радикулиті  ересек  адамдарда,  әсіресе  40  жастан  аскан 
еркектерде  жиі  кездеседі,  ал  20  жасқа  дейінгі  адамдарда  өте  сирек  болады, 
жас балаларла тіпті кездеспейді. 

117 
 
Сонымен  бел-сегізкөз  радикулиті  -  ең  көп  тараған  сырқаттардың  бірі. 
Оның радикулит деген атымен коса "ишиас" немесе "люмбаго" деген  аттары  
да  бар. Қазақтароны "құяң" деп те атайды. 
Радикулит  деп  жұлынның  омыртқа    арасы    арқылы  сыртқа  шығатын 
түбіршелерінін  зақымдануын  айтамыз.  Ауруұстағанда  ептеп  сыздаудан 
басталып,  шыдатпай  кеміруге  дейін  ұласатынын  сырқат  адамдар  жақсы 
біледі.  Ауру  жаңа  басталған  кезде  белден  немесе  жамбастың  жоғарғы 
жағынан  білінетіні  бар.  Ал,  радикулит  қатты  ұстаса,  белді  сырқыратып, 
бүкіл  арқаны,  аяқты,  екі  жамбасты  ауыртатыны  көпке  аян.  Көбінесе  екі  аяқ 
бірдей  қақсайды.  Оның  үстіне  жатқанда  ауырмайды,  омыртқаға  күш  түссе, 
адам  жөтелсе  немесе  түшкірсе  ауыру  белден  басталып  аяққа  беріледі. 
Мұндайда  еңкею-шалқаю,  кереуеттен  түсу,  жатқанда  екі  аяқты  көтеру  аса 
қиындық келтіреді. 
Мәселен, дені сау ересек адамның бел омыртқасы қаншалықты қозғалса 
да  ауырмайды,  ал  беліне  түсетін  дене  салмағы  омыртқаларына  біркелкі 
тарайды.  Радикулит  қатты  ұстаған  кезде  ауырған  адам  бүкшиіп  жүреді  де, 
кейде  омыртқа  желісінің  бел  тұсы  қисайып  сіресіп  қалуы  мүмкін.  Егерде 
отырған  сырқат  адам  тұруға  ыңғайланса,  белі  ауырғандықтан  бойын  жаза 
алмайды,  ал түрегеліп тұрса, еңкейе алмайды. 
Емделмей жатып қалған жағдайда жамбас пен балтырдың бұлшықеттері 
босап, сола бастайды. Екі аяқтың басы көгергендей болады, суиды, тіпті тоңа 
береді.  Аяқтың  терісі  қабыршақтанады,  белмен  бірге  сегізкөздің  қоса 
сырқырайтын  жағдайы  жиі  кездеседі.  Сондықтан,  дәрігерлер  радикулиттің 
бұл түрін бел-сегізкөз радикулиті деп атайды. 
 
ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ 
Ем белгілемей тұрып радикулиттің себебін мейлінше дәл анықтап алған 
дұрыс. Егер дәрігер белгілі бір дәрежеде қателікке ұшырап, теріс ем жасаса, 
онда өкініші кетпейді. 
Сондықтан  остеохондрозбен  ауырған  адамдарға  қолданылатын  емді 
тиісті мамандар белгілеп, бақылап отыруы керек. 
Ауру  жанға  қатты  батқан  кезде  тыныш  жатып,  қозғалмауға  тырысқан 
жөн.  Ауырғанды  басатын  және  қабынудың  алдын  алуға  мынандай  емдер 
қолданған  жөн.  Ацетилсалицилдық  қышқыл  (Аноприн,  Аспекард, 
Аспиватрин,  Буфферан,  Новандол,  Новосак  т.б.),  Салорин,  ТромбоАСС, 
Упсарин,  Бутадион,  Диклофенак  (Волтарен,  Диклоген,  Ново-Дифенак, 
Ортофен),  Ибупрофен  (Банафен,  Бруфен,  Долгит),  Индометацин  (Индобене, 
Индофарм),  Кетеролак  (Долак,  Кетанов,  Кетарал),  Метамизолнатрий 
(Аналгин, Баралгин), Напроксен (Алив, Апранакс, Инапрол т.б.) Пирамидон, 
анальгин,  баралгин  сияқты  ауырсынуды  бәсеңдететін  дәрілер  ішкен  дұрыс. 
Мүмкіндік  болса,  новокаин  ерітіндісімен  тері  астына  блокада  жасау  керек. 
Ал  сырқаттың  беті  қайтпай  қойған  жағдайда  новокаин,  В12  витаминнің, 
пипольфен,  аспирин  және  гидрокартизон  дәрілерін  қосып  блокада  жасау 
жақсы әсер етеді. Әрине, мұндай күрделі емді тек қана дәрігер жүзеге асыра 
алатыны белгілі.  

118 
 
Аурудың  бетін  кайтаратын  және  зақымданған  нервтердің  қызметін 
қалпына  келтіретін  физиотерапевтік  емдер  кең  қолданылады.  Олардың 
ішінде,  әсіресе  ультракүлгін  эритема,  диадинамикалық  токтар,  новокаин 
қосып ионды гальванизация жасау пайдалы. 
Тітіркендіргіш дәрілерді де ұмытпау керек. Кұрамында хлороформ, йод, 
ментол, камфора, салицилді натрий, ара және жылан улары, финалгон сияқты 
дәрілері  бар  майлармен  сылау  да  жақсы  нәтиже  береді.  Бұл  айтылған  емдер 
ауру жанға қатты батып, жаңа басталған кезде қолданылады. 
Екінші  кезеңде,  аурудың  беті  қайта  бастағанда  массаж,емдік  дене 
шынықтыру белгіленеді. 
Оған  қоса  ауырған  жерге  парафин,  озокерит  қойып,  түрлі  жиіліктегі 
токтарды  пайдаланып  көрген  жөн.  Сазбалшықпен  бұлаулау,  йод  қосылған 
ионды гальванизация, ультрадыбыс қолданған жөн. 
Омыртқааралық  дискілер  зақымданудан  пайда  болған  радикулитті 
омыртқаны созу арқылы емдейді. 
Омыртқаны керіп-созу оған түсетін салмақты азайту үшін қолданылады. 
Оны  созу  әдістері  әр  түрлі.  Мысалы,  төменгі  бел  омыртқалары 
остеохондрозбен  зақымданған  кезде  омыртқа  желісін  созу  үшін  науқасты  өз 
салмағымен төмен қарай керіп тартқан жөн. Бұл әдісті 1-2 рет науқас адамды 
дем  алдырып  алып,  күніне  3-4  сағат  бойы  қолдануға  болады.  Ал  мойын 
омыртқалары  остеохондрозға  ұшыраған  жағдайда  аз  салмақпен  керіп-созу 
арқылы  емдеудің  пайдасы  өте  зор.  Бірақ,  бұл  жағдайда  мойынға  түсетін 
салмақ  3-4  кг-нан  аспауы  керек.Кейінгі  кезде  суда  /ваннада  немесе 
бассейнде/ омыртқа желісін керіп-созу әдістері жиі қолданылып жүр. 
Остеохондрозға  байланысты  неврологиялық  өзгерістердіемдеу  30-35 
күнге созылады. 
Аурудың  беті  қайтып,  жанға  батпайтын  болған  кезде  омыртқа 
бұлшықетін ширататын жаттығулар жасау ұсынылады. 
Емдік гимнастика деп аталатын жаттығулар бұлшық еттерді ширатумен 
қатар  ауруды  бәсендетеді.  Емдік  гимнастика  омыртқа  остеохондрозының 
салдарынан болған радикулит асқынғаннан кейін 3-4 күннен соң қолданыла 
бастайды.  Науқастың  асқынуының  алғашқы  кезеңінде  бұл  жаттығуларды 
төсекте жатып орындауға болады. 
Соңғы  кезде  омыртқалардың  остеохондрозының  неврологиялық 
өзгерістерін  емдеу  үшін  массажды  ауырған  адамның  өзі  де  жасай  алатын 
болды.  Массаждың  қажетті  негізгі  тәсілдері  дененің  массаж  жасалатын 
жерін  сипау,  уқалау,  езгілеу,  сілкілеу  арқылы  жүзеге  асырылады.  Олар 
аурудың әсерін бәсеңдетуге немесе жоюға көмектеседі. 
Массаждың  ең  көп  тараған  түрі  -  денені  сипау.  Массаждың  барлық 
тәсілдері /уқалау, езгілеу,сілкілеу сипаумен басталып, сипаумен аяқталады. 
 
 
 

119 
 
VI ТАРАУ. ЖАМБАСТЫҢ ЖӘНЕ ЖАМБАС АҒЗАЛАРЫНЫҢ 
ЗАҚЫМДАЛУЫ 
 
I. ЖАМБАСТЫҢ ЖҰМСАҚ ТІНДЕРІНІҢ ЗАҚЫМДАНУЫ 
Жамбас 
белдеуін 
қоршаған 
жұмсақ 
тіндердің 
оқшауланған 
зақымдануларының  басқа  анатомиялық  жерлердің  жарақатынан  принципті 
түрде айырмашылығы жоқ. 
Артериялық  қан  кетуден  немесе  үдей  түсетін,  кейде  іртік-іртік  ұйыған 
қан,  бөксені  сыздатып  ауырту  арқылы  білінетін  жоғарғы  бөксе  артериясы 
зақымданған жарақаттар қатты қатер тудырады. 
Сондай-ақ,  терінің  жарақат  әсерінен  қабаттанып  сыдырылуының  және 
гематоманың қатаюының практикалық маңызы бар. Бұл жағдай бұлшықеттің 
ішінде ұсақ артериялар зақымданғанда және қанның ұю қабілеті бұзылғанда 
пайда  болады.  Бұл  гематомалар  ісінеді,  тіндердің  үстін  басса  қатты  екенін 
сезуге  болады,  сыздап  ауырады,  кейде  жүйке  талшықтарының  қысылу 
белгілері де байқалады. 
Тіннің 
жарақаттан 
қабықтанып 
сыдырылуы 
тангенциялық 
зақымданулардан  пайда  болады  және  әжептәуір  ұлғайып,  көбіне  белдің 
тұсына  жайылуы  мүмкін.  Бір  жағынан  шел  клеткасы  мен  терінің  арасында, 
екінші  жағынан  фасция  /бұлшықеттің  шелді  қабығы/  мен  бұлшықеттің 
арасында  қан  мен  лимфа  /тінаралығындағы  қоректік  түссіз  сүйық  зат/ 
жиналады,  кейде  ол  әжептәуір  көп  мөлшерде  /1  литрге  дейін  және  одан  да 
көп/  болады.  Дер  кезінде  сылып  тастамаса,  сыдырылған  терінің 
жансыздануы, көпке дейін жазылмайтын іріңді жараға  айналуы мүмкін. 
Емдеу.  Соққы  тигенде  тыныштық,  суық  басу  керек,ал  май  құйрық 
артериясы  зақымданғанда  -  жарақаттағы  жіңішке  тамырларды  немесе  ішкі 
артерияны байлау қажет. Ашық жарақат кезіңде хирургиялық тазалау керек. 
Қатайған  гематомаларды  теседі  немесе  тіледі.  Соңғы  жағдайда  жіңішке 
дренаж  түтік  қояды.  Тазартудың  осы  екі  әдісінде  де  макта-дәке  таңғышпен 
кысып  орайды  және  қан  тоқтататын  дәрі-дәрмектерді  қолданады. 
Сыдырылған  немесе  жалбыраған  теріні  мақта-дәке  таңғышпен  ол  қашан 
бекіп  жабысқанша  байлап  тастайды.  Ірің  жиналғаны  байқалысымен  жараны 
тіліп ашып, түтікпен мұқият сорғызу қажет. Қабаттанып сыдырылған немесе 
жалбыраған тері шіри бастаған жағдайда жансызданған тіндерді кесіп тастау 
және  жараны  соның  маңайындағы  терімен  немесе  басқа  жерден  кесіп 
алынған терімен жамау анағүрлым тиімді болады. 
 
II. ЖАМБАС СҮЙЕКТЕРІНІҢ СЫНУЫ 
Жамбас  сүйектері  әдетте  қандай  да  бір  заттың  соққысынан,  жамбаспен 
құлаудан,  жамбасқа  алдыңғы,  артқы  жағынан,  көлденеңінен  немесе 
қиғашынан,  әр  түрлі  бағытта  қысым  түсуінен  /домалатудан/  зақымданады. 
Осыған  байланысты  жамбас  сынуы,  айқын  білінетін  /сүйектің  сынықтары 
жұмсақ  тіндер  арқылы  сыртқа  шығып  тұрады/  және  айқын  білінбейтін 

120 
 
/сынған  сүйектің  орнымен  тері  жарақатының  орны  үйлеспейді/  сынықтар 
болады. 
Анатомиялық  өзара  тығыз  байланысты  болғандықтан  жамбас 
сүйектерінің  сынуымен  бірге  жамбас  ағзалары  да  зақымдануы  мүмкін. 
Әсіресе зәр түтіктерінің, қуықтың және тік ішектің жарақаттануы қауіпті. 
Жамбастың зақымдануы төрт топқа бөлінеді 
1.  Жиектік  сынықтар-жамбас  сүйегінің  қалақша  басының  сынуы, 
жамбас  алдыңғы-үстіңгі,  төменгі  өсінділері  сынуы,  отырықшы  сүйегінің 
бұдыры  сынуы,  жамбас  шұңқырының  (ойығының)  үстіңгі,  алдыңғы,  артқы 
жиегінің сынуы, құйымшақ сынуы. 
2.  Жамбас  сақинасының(шеңбері)  тегістігінің  бұзылмай  сынуы:  қасаға 
сүйегі  бір  жаны,  отырықшы  сүйектің  екі  жағынан  сынуы,  сегізкөздің 
көлденең сынуы. 
3.  Жамбас  сақинасының  (шеңберінің)  бұзылып  сынуы-  шаттың 
айырылуы, екі жақтан қасаға және отырықшы сүйектің сынуы, бір жағынан 
қасаға,  отырықшы  сүйек  сынуы,  мықын  сүйегі  денесінің  тікелей  сынуы. 
Жамбас  сегізкөз  қосылған  жерінің айырылып  сынуы(ажырауы).  Сегізкөздің 
тікелей  сынуы  Мальгений  сынығы-  мықын  сүйегі  бір  жағынан  тікелей 
сынуы, осы жақтан қасаға отырықшы сүйек бірге сынуы.  
Вуальмье  сынығы  –  сегізкөз  сүйегінің  денесінің  тікелей  бір  жағынан 
сынуы, осы жақтан қасаға мен отырықшы сүйектерінің сынуы. 
Нидерля сынығы- жамбас сүйегінің денесі арт жағынан тіке сынуы және 
қарама-қарсы жақтан алдынан қасаға отырықшы сүйектердің сынуы. 
1. Жамбас  ойығының  (шұңқырының)  ортасының  сынығы.  Ортасы 
сынық,  ортан  жілік  басының  жамбас  қуысына  енуі  (центральный  вывих 
бедра). 
 
85 сурет. Сүйектің сынуының түрлері: а) сүйектің жамбас шеңберінің 
тұтастығын бұзбай сыиуы; б) жамбас шеңберінің тұтастығын бұзған сынық; 
в) жамбас ұршығының сынуы; г) жамбас сүйектерінің  
сынып-шыгуы және орнынан шығып кетуі 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
 

121 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет