9-10. «Жедел іш» туралы ұғым. Патогенезі және клиникалық көрінісі
Жедел деп іштің бірнеше минуттан жеті күн аралығында ауырсынуын айтамыз.
Іштің жедел ауырсынуының себептері ішкі мүшенің зақымдалуы болып табылады:
Париеталді іштіктің қабынуы, ішкі мүшелердің жедел қабынуы немесе деструктивті аурулары кезінде (жедел аппендицит, жедел холецистит, жедел панкреатит, панкреонекроз, ойық жараның тесілуі, ішектің және құрт тәрізді өсіндінің тесілуі, құрсақ қуысының абсцесстері, дивертикулит, Крон ауруы, жаралы колит) байқалады;
Ішкі мүшелердің обструкциясы (ішек өтімсіздігі, копростаз, өт ұстамасы, обструктивті панкреатит);
Ішкі мүшелердің қан ағысының бұзылыстары құрсақ қуысының және аорта және эмболиясы тромбозы, жыртылуы, стенозы немесе басылуы (жедел ишемиялық колит, ішектің созылмалы ишемиялық ауруының өршуі, жедел мезентериялді тромбоз, аорта аневризмасы, қысылған жарықтар, ішектің венозды инфарктіcі);
Ішкі мүшелерінің капсуласының керілуі, паренхиматозды мүшелердің жедел қабынуы немесе ісінуі (жедел алкоголді гепатит, көкбауырдың жедел тромбозы, синдром Бадда- Киари, жүрек жеткіліксіздігі);
Іштіктің тітіркенуі, эндогенді улану және метаболизмнің бұзылуы (диабеттік кетоацидоз, алкоголді кетоацидоз, уремия, порфирия);
Иммундық бұзылыстар (анафилактикалык шок, ангионевротикалық ісіну, васкулит);
Инфекциялы себептер (гастроэнтерит, гепатит, инфекциялық мононуклеоз, герпес, сепсис);
Жедел немесе созылмалы экзогенді улану (созылмалы қорғасынмен улану, метил спиртімен улану, дәрілік заттарды мөлшерден тыс көп қолдану);
Іш жарақаттары.
Іштің реактивті жедел қабынуының себептері:
Іштен тыс аурулары (миокард инфаркті, пневмония, плеврит, перикардит, пиелонефрит және паранефрит);
Кіші жамбас астауы мүше аурулары;
Жүйке жүйесі және қимыл қозғалыс аппаратының аурулары (каузалгия, сирингомиелия, психогения).
Достарыңызбен бөлісу: |