Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министірлігі


Сілтілер (нашатырь, поташ, ізбес)



бет74/104
Дата07.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#86182
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   104
Байланысты:
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ

Сілтілер (нашатырь, поташ, ізбес) Концентрацияланған аммиакпен ингаляциялық жолмен уланғанда тілдің, көмейдің ісінуімен бірге жоғарғы тыныс алу жолдарының ауыр күйігі, ларингоспазм мен бронхоспазм, өкпенің токсикалық ісінуі дамиды.Сілті теріге немесе конъюктиваға түскенде некрозға дейін ауыр күю пайда болады.
Өкпенің токсикалық ісіну клиникасында 4 кезеңді ажыратады.

  • Рефлекторлы кезең,уланған аймаққа енгеннен бастап ол жерден шыққаннан кейін 15-20 минутқа созылады.

  • Жасырын кезең 1-2 сағаттан 24 сағатқа дейін созылады.Удың жоғары концентрациясы кезінде жасырын кезеңнің болмауы да мүмкін.

  • Өкпе токсикалық ісінунің клиникалық көрінісі кезеңі қозудан, енті-гуден, төстіктің артындағы ауырсынудан, көпіршікті қақырықпен жө-телуден, артериалді гипотензиядан,гипертермиядан, цианоздан басталады.

  • Өкпе токсикалық ісінуінің кері даму кезеңі 2-3 тәулікте бастала-ды.Аммиакпен уланғанда экзотоксикалық шок дамуы мүмкін. Күшті сілтілерді ішке қабылдағанда ауыз қуысының шырышты қабатында гиперемия мен ісіну пайда болады.Ауыз қуысында қоңырқай немесе ақ жабынмен жабылған көпіршіктер түзіледі.Ауыз қуысында, өңештің жолында, асқазанда ауырсыну, қан араласқан құсу байқалады.Көмей күйгенде стидорозды тыныс алу болады.Ауыр жағдайларда экзотоксикалық шок дамиды.Бастапқы күндері қан кетуі мүмкін.

Емі. Көп көлемді сумен ауыз қуысын жуу керек.Сілтіні бейтараптау үшін әлсін қышқылдарды қабылдауға болмайды. Міндетті түрде жансыздандыру керек: 1 процентті ерітіндідегі 1-2 мл тримеперидин немесе 0,005 процентті ерітіндідегі 1-2 мл фентанил т/а немесе к/т1 мг атропин к/т, ішке 1 процентті бензокаин (анестезин) немесе 1-2 ас қасық 1 процентті ерітіндідегі прокаин.Тез арада асқазанды май мен зонд арқылы жуып, алгедрат + магний гидроксиді + 50-70 мл бензокаин немесе 150-200 мл қайнаған сүт енгізеді.Инфузионды терапия тағайындайды.Тыныс алуы қиындағанда және асфиксия қауіпі төнгенде ауыз-жұтқыншақ санациясын және глюкокортикоидтармен ингаляция жүргізеді. Нәтиже болмаған жағдайда 10 процентті ерітіндідегі лидокаинмен жансыздандыру арқылы трахея интубациясы мен трахеостомия көрсетілген.Ингаляциялы жолмен уланғанда өкпенің токсикалық ісінуіндегідей көмек көрсетіледі.Тері мен көз зақымдалғанда ағын сумен жуу керек, егер ауырсынатын болса 0,5 процентті ерітіндідегі тетракаин тамызады. Ауыр жағдайларда науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады, көзі ғана зақымдалған болса – офтальмологиялық стационарға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет