Екінші фаза дене температурасының төмендеуімен және өмірге қажетті қыз-меттерінің өшуімен сипатталады немесе өмірлік қызметінің биологиялық ноль дамиды (тіндердің спецификалық әсерін тоқтатқаннан кейін қайтымды ). Био-логиялық ноль биіктігі әртүрлі тіңдерде бірдей емес сондықтан ол патология-лық ырғақты тыныс, жүрек ырғағының бұзылуына, ағзаның басқа функция-ларының дискоординациясына әкеледі. Тыныс алудың тоқтауы жалпы үсу ке-зінде дене температурасының +15- +20˚С қа дейін төмендеген кезінде байқала-ды. Тыныс алу тоқтағаннан кейін жүректің қағуы бірнеше минутқа созылады.
Клиникасы. Үсудің 3 дәрежесін ажыратады.
1 дәреже (адинамикалық).Тік ішек температурасы +32-+30˚ С дейін төмен-деген. Науқас санасы тежелген, жиі эйфориялы жағдайда. Сөйлеуі қиындалған. Қозғалысы шектелген, бұлшықеттердің фибрилляциясы байқалады. АҚ көтерілген; брадикардия. Тері жамылғысы бозғылт түсті. өз бетімен қимылдау әрекеті сақталған. Тыныс алу тереңдігі және жиілігі өзгермеген.
2 дәреже (ступорозды). Дене температурасы +31-+27˚С дейін төмендеген. Есінен тану немесе кенет тежелуі. Фотореакциясы сақталған. Бұлшықеттің құрысуы анықталады. Өз бетінше қозғалыстар жасау мүмкін емес. Зақым-данушы бүріскен қалыпта болады. Тері жамылғысы бозғылт, мәрмәр тәрізді. Көбіне гипотензия байқалады; айқын брадикардия. Тынысы беткей; брадипноэ.
3 дәреже (тырыспалы). Дене температурасы +27-+25˚С төмен. Есі толығымен жоғалған. Қарашықтар тарылған,фотореакция әлсіз немесе анықталмайды. Жоғарғы тыныс алу рефлекстері тежелген. Шайнау бұлшықеттердің тырысулары және тризмдері байқалады. Терісі өте бозғылт. АҚҚ анықталмайды;тамыр ырғағы тек магистралді артерияларында ғана байқалады. Тынысы сирек, беткей немесе Чейн-Стокс түрі тәрізді.
Емі
Үсудің дәрежесіне қарамай госпитализациялау.
Зардап шегушіні суықтан алып шығу. Науқасты суықта қалдыруға және оны қармен ысқылауға болмайды. Ішімдік беруге рұқсат берілмейді, өйткені ол ОЖЖнің тежелуін жоғарылатады. Аналептиктерді енгізуге қарсы көрсетілген, өйткені олар ағзаға О2 ге қажеттілікті жоғарылатып тырысудың дамуына алып келуі мүмкін.
Инфузионды терапия (ағзадағы энергия қорын толтыру, метаболикалық ацидозды жою, микроциркуляцияны жақсарту).
Тамырлардың спазмын жою үшін дроперидол.
Брадикардия кезінде атропин.
Оттегі ингаляциясы.
7. Глюкокортикоидтар.
8. Кенет гипотензия кезінде - вазопрессорлар.
9. В және С тобындағы дәрумендер.
Үсу жиі жоғары ылғалдылықта және қатты желде дамиды. Тамырлардың ұзақ тарылуы микроциркуляцияның бұзылуына, тромб түзілуіне және трофикалық бұзылыстарға алып келеді. Көлемді зақымдалу кезінде ағзаның жалпы ауыр реакциясы дамиды. Осы реакция өліеттенген аймақтағы бөлінген өнімнің қанға сіңірілуінен жедел бүйрек жеткіліксіздігінің дамуымен негізделген.
Клиникалық ағымда 2 кезеңді бөледі:
үсудің ауырлығын және тереңдігін жасыратын гипотермия кезеңі. Терінің бозаруы және ауырсыну сезімінің жоқтығы байқалады.
реактивті кезең –барлық көріністер жылытқаннан кейін пайда болады. Қабыну көріністері байқалады.
Үсудің 4 дәрежесін бөледі:
1 дәреже: ісіну және көгілдір түсті гиперемия; науқас парестеэия, тітіркену, қышу сезімдерін сезеді.
2 дәреже: эпидермистің сыдырылуы дамиды – көпіршіктер пайда болады. Көпіршіктер ақшыл эксудатпен толтырылған; эрозияланған беті спирттің жанасуына және аппликацияға сезімтал.
3 дәреже: көпіршіктер геморрагиялық сұйықтықтармен толтырылады; олардың түбі әртүрлі қоздырғыштарға сезімтал емес.
4 дәреже: терінің барлық қабаттарының, жұмсақ тіңдердің, сүйектердің өлуі, ары қарай тіннің мумификациясы жүреді.
Емі: асептикасық байлам таңу үсіген терінің аймағында хирургиялық өңдеу жүргізуге және көпіршікті ашуға болмайды; реополиглюкин; 0,25% новокаин ерітіндісі; дроперидол; гепарин; эуфиллин; зақымдалған аяқ – қолдың арте-риясына: 10мл 0,5% новокаин, 4мл 2% папаверин, 1мл 1% никотин қышқылы.