Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министірлігі



бет33/104
Дата07.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#86182
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   104
Байланысты:
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ

Клиникалық көрінісі
Клиникалық көрінісі әртүрлі және ішек өтімсіздігінің түріне байланысты, сатысына байланысты. Қандай да бір жедел ішек өтімсіздігіне тән: кенет басталуы, тоқтауы, жүрек айну, көп ретті жеңілдік әкелмейтін құсу.
Жедел ішек өтімсіздігінің симптомдарын анықтау:

  • Ваал-ішек ілмегінің жергілікті кебуі, тимпанит;

  • Скляр-алдынғы құрсақ қабырғасын соққылағанда су шылпылы естіледі;

  • Тік ішекті саусақпен тексеру (Обухов ауруханасы-тік ішектің ампуласы кеңейген және бос, бұл ащы ішектің төмендеген бөлігінің өтімсіздігі).

Асқыныстары: ағзаның сусыздануы, токсикоз,перитонит. Ажырату диагностикасы: құрсақ қуысының барлық жедел ауруларымен ажыратады.
Емі. Науқастарды ауруханалық хирургия бөлімшесіне жедел түрде жатқызады.Жатқызып тасымалдау.
Жиі кездесетін кателіктер:қандайда бір анальгетиктерді қолдану, асқазанды жуу
Қысылған жарық
Қысылған жарық деп- жарық қабыну құрамының ішекпен жабылған ішкі мүшелермен кенеттен қысылуы, бұл қан айналуды бұзып, некрозға әкеледі.
Жиі қысылған шап жарығы кездеседі, сирек сан, кіндік жарықтары.
Себептері: құрсақ ішілік қысымының тез жоғарылауы, жарық құрамының қысылуы.
Клиникасы.
Қысылған жарық жедел, кенет басталады. Жергілікті белгілері: жарық аймағымен немесе бүкіл іш аймағы бойымен өте қатты ауырсыну; жарықтың салынбауы; жарықтың ауырсынуы және қатаюы; жарыққа жөтелдік толқынның берілмеуі.
Ауырсыну жарық орналасқан жерінде өте қатты. Бірнеше сағаттан кейін қысылған мүшеде некроз пайда болады сол уақыттта ауырсыну азаюы мүмүкін. Бұл кезде мүшелердің қызметінің бұзылуы, ал кейінгі кезеңде перитонит дамығанда ауырсыну қайта дамып, жедел іштің көрінісі дамиды. Кәрі науқастарда нәжіспен қысылу болады ауырсыну уақыт өте келе күшейеді, жарық көлемі жоғарлайды, қатайған, тығыздалады.
Асқыныстары: ішек өтімсіздігі, перитонит дамиды.
Ажырату диагностикасы: шап, сан жарықтарын лимфоаденитпен және үлкен тері асты тамырының тромбозымен, орнына келмейтін жарық пен жүргізеді. Диагностикалау
Қарау және физикалық тексеру.

  • жалпы жағдайын және өмірге қажетті кезеңдердің қызметін бағалау есін, тынысын, қан айналымын;

  • пульсті және ЖЖЖ санау,АҚ өлшеу;

  • көзбен қарау: жарықтың болуын;

  • бұрын оңай салынатын жарықтың қазіргі уақытта орнына салынбауы;

  • жөтелу симтомының теріс болуы;

  • іштікті тітіркендіру симптомын бағалау ( бұлшықет қатаю және Щеткин-Блюмберг симптомы оң болуы).

Емі. Қысылған жарыққа күдік туғанда міндетті түрде жедел аурухананың хирургия бөліміне жатқызу. Жатқызып тасымалдау, тыныштық жағдайында, ауырсынуды мүмкіндігінше азайту.
Жиі кездесетін қателіктер- қандайда бір анальгетиктерді және спазмолитектерді тағайындайды. Қысылған жарықты орнына салуға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет