Индол туындыларына топтық реакция – ВАН-Урк реакциясы
Осы реакция негізіне электрофилді орын басу процесі жатады. Реакция реагенті – 4–диметиламинобензальдегид. Сынақты концентрлі H2SO4 қатысуында және тотықтырғыш темір (III) хлориді болған жағдайда жүргізеді.
Осы реакцияда бос 2 және 3-ші жағдайы бар индол туындылары түседі. Сондықтан ол индометацинде жүрмейді. Резерпинде қышқыл қатысында С ашылады, нәтижесінде 2-ші жағдай бос болады.
Реакция өнімі екі формада болады. Реакция өнімінің түсі алынған заттың құрлысына және реакцияның жүру жағдайына байланысты. Осы реакцияны басқа альдегидтермен жүргізуге болады. Резерпин үшін хлорсутек қышқыл ортасында ванилин ерітіндісінде жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |