Дәрігер–клиникалық фармакологтың хұқықтары:
Дәрігер-клиникалық фармаколог - емдеу-алдын-алу мекемесінің әкімшілігіне бөлімнің жұмысын, еңбек жағдайын жақсарту бойынша, дәрілік заттардың номенклатурасы және оларды ұтымды қолдану сұрақтары бойынша өз ұсыныстарын енгізуге хұқылы.
Дәрігер-клиникалық фармаколог - денсаулық сақтау комитетінің, емдеу-алдын-алу мекемелерінің мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, дәрілік заттардың жанама әсерлері, тиімділігі мен қауіпсіздігі, медикаментозды терапияның жаңа технологиялары туралы мәліметтерді алуға хұқылы.
Дәрігер-клиникалық фармаколог - дәрілік заттарды ұтымды қолдану, тұрғындарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша жүргізілетін семинарлар, симпозиумдарды ұйымдастыру және өткізуге қатынасуға хұқылы.
Біліктілігін арттыру үшін дипломнан кейінгі дайындық бөлімдерінде білімін жетілдіруге хұқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |