Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы


ДЗ өзара әсерлесу салдарынан туындаған жанама әсерлер



бет50/57
Дата12.09.2020
өлшемі0,76 Mb.
#78001
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57
Байланысты:
Жауғашева С.КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ДЗ өзара әсерлесу салдарынан туындаған жанама әсерлер

Әдетте бұл ДЗ фармакокинетикалық өзара әсерлесуі салдарынан дамыған токсикалық жанама әсерлер. Мысалы: терапевтік мөлшерде теофиллинмен эритромицинді қосарлап қолданғанда, теофиллиннің ағзадағы мөлшері жоғарылап, токсикалық қасиеті артады, өйткені эритромицин теофиллиннің бауырдағы метаболизімін тежейді.



В-типті жанама әсерлер

В-типті реакциялар ДЗ мөлшеріне және фармакологиялық белсенділігіне байланысты емес (ДЗ жақпауынан басқасы). Оның негізінде ағзаның жеке дара ерекшеліктері - аллергия немесе ферментативті жүйелердің генетикалық негізделген бұзылыстары жатыр.



ДЗ жақпауы – ДЗ терапевтік және субтерапевтік мөлшерде қолданғанда дамитын, фармакологиялық қасиеттерімен байланысты жағымсыз реакциялар. Мұндай реакция кез келген препаратқа дамуы мүмкін.

Идиосинкразия – ДЗ фармакологиялық белсенділігімен байланысты емес реакциялар. «Идиосинкразия» - деп белгілі бір препаратқа дамыған, генетикалық негізделген патологиялық реакция. Идиосинкразияның негізінде ферментативтік жүйелердің тұқым қуалайтын ақаулары жатыр. Мысалы: глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа (Г-6-ФДГ) ферментінің жетіспеушілігі бар науқастарды сульфаниламид немесе примахинмен емдегенде науқаста гемолитикалық анемия дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет