Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы


ІХ-ТАРАУ. ӨКПЕНІҢ ЖӘНЕ КЕУДЕ КӨК ЕТІНІҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ



бет241/360
Дата11.05.2022
өлшемі3,37 Mb.
#142708
түріОқулық
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   360
Байланысты:
Мәдікенұлы Ө.Хирургиялық аурулар 2008

ІХ-ТАРАУ. ӨКПЕНІҢ ЖӘНЕ КЕУДЕ КӨК ЕТІНІҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ




9.1.КЕУДЕ ЖӘНЕ КӨК ЕТІНІҢ АНАТОМИЯСЫ МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ


Кеуде құрылысы екі пішінді. Біріншісі қысқа, бірақ кең қаптал, екіншісі —ұзын және жіңішке. Бірінші пішінді кеуденің аумағы кең, қабырғалары жатыңқы және қабырғалар арасы кең. Екінші пішінді кеуденің аумағы тар, қабырғалары тікше орналасқан және олардың арасы тар. Кеуде қаңқасын төс сүйек, 12 пар қабырға және—қеуде омыртқалары (1—ден XII—дейін) кұрайды.
Төс сүйек —жеке, жалпақша үш бөлшектен (сабы, денесі, қылыш тәрізді өсіндісі) кұралған сүйек.
Кабырғалар — бір—бірімен сыртқы және ішкі қабырға арасы еттері және кеуденің еттерімен бірігеді.
Кеуде қуысының ішкі беті кеуденің ішкі шандырымен (фасция) жабылған. Фасция кеуденің алдыңғы және сыртқы беттерінде қалың. Фасцияньң жоғарғы бөлігі мойынның ішкі фасциясымен жабысады, ал төменгі бөлшегі көк ет күмбездерін жабады.
Кеуде фасциясынан төменде терең — шарбы майы, ал одан төмен париетальды плевра орналасқан.
Плевра— кеуденің екі қуысының ішкі беттерін және екі өкпенің беттерін жабатын жүқа көкет. Өкпені жабатын көк ет висцералъді, ал кеуденің ішкі бетін жабатын көкет париетальды плевра деп аталады. Өкпе түбірі тұсында париетальды плевра висцеральды плевраны жабады. Осы екі қабат плевра жапырағы арасында лимфа және қан тамырларына бай майлы клетчатка орналасады. Бұл өкпенің байламы деп аталады.
Висцеральды және париетальды плевра жапырақтары арасында көзге көрінетін бос қуыс жоқ. Екеуі біріне—бірі тығыз жақындап, өте тар саңылау қалдырады. Бұл саңылауда 1—Змл. плевра сұйықтығы болады. Бұл сұйықтығы дем алғанда қозғалатын висцеральді плевраның париеталъді плеврамен қажалмауына қажет.
Плевра саңылауында қысым теріс. Демді ішке алғанда плевра саңылауындағы қысым (минус 12сын. бағ.) төмендейді. Ал демді шығарғанда кеуде қуысы тарылуына сәйкес плевра саңылауындағы қысым аз ғана (минус 2-4 сын.бағ.) көтеріледі.
Плевраның екі жапырағының бір-біріне ауысатын орындарында плевра қалталары, болмаса синустары бар. Бұл синустар адам терең дем алғанда созылып, үлкейген өкпемен толады.
Плевраның жоғарғы шеңбері (купол) бірінші қабырғадан 2-4 см.жоғары. Плевра шеңбері нашар қозғалады, өйткені ол фиброзды тіндермен мойын омыртқаларына тығыз жабысқан.
Плевраның төменгі шебі бұғананың ортаңғы шебімен VІ қабырға, қолтықтың орталық сызығымен X қабырға тұсында орналасқан.
Висцеральді плевра қанды өкпе қан тамырларынан, париеталъді плевра—қабырға, жүрек қабы, көк ет, көкірек қуысы қан тамырларынан алады. Кан тамырларына қоса көптеген лимфа тамырлары жүреді. Висцеральді плевра плевралық сұйықтық шығарады, ал париеталъды плевра—оны сіңіреді.
Көк етті жабатын плевраның лимфа жолдары іш мүшелері лимфа жолдарымен тығыз байланысты. Сондықтан іш мүшелерінде басталған инфекциялы үрдістер (жиі және жеңіл) кеудеге жайылады.
Висцералъді плевра вегетативті жүйке жүйесімен қамтамасызданған. Сондықтан оның ауырсыну сезімі жоқ. Париеталъді плевра қабырға арасының жүйесімен қамтамасызданғандықтан ол өте ауырғыш (сезімтал).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   360




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет