Шап арнасын ашпай орындалатын жарықты жою операциялары – бұл тәсілдерде тері және тері асты май қабаты, сыртқы фасция тілініп, шап сіңірі, және сыртқы қиғаш бұлшық ет апоневрозы толық ашылады.
Бүдан соң Ру (Roux, 1892 ж.) тәсілі бойынша тілінбеген сыртқы қиғаш бұлшық ет апоневрозын қыртыстандырып тігеді. Тігінге шандырға қоса шап сіңірі де алынады.
Оппель (1919 ж.) - Ру тәсілін аз ғана өзгертті. Ол тігінге апоневрозға қоса ішкі қиғаш бұлшық етті де қамтиды және жарықтың сыртқы тесігін шынашақ ұшын өткізетіндей етіп тарылтады.
Кохер тәсілі - шап арнасының сыртқы тесігіне дейін жарық қапшығы тазартылады да корнцанг көмегімен қапшық шап өзегіне енгізіледі. Арнаға енгізілген корнцангтың ұшы тұсында апоневроз тесіліп, ол тесік арқылы жарық қапшығы шығарылады. Қапшықтың мойны байланғаннан соң, ол кесіліп алынады. Бұдан соң өзектің алдынғы беті Ру тәсілі бойынша тігіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |