Көк тамырдың варикозды ауруының жіктелуі (А.Ф. Хахута, 1966 ж.): I- Тері асты көк тамырының алғашқыдан анық (біріншілік, шынайы) варикозы:
1. Компенсациялық кезең.
2. Декомпенсациялық кезең.
II- Көк тамырдың екінші себептен варикоздануы:
Асқынбаған.
Асқынған.
Ill-Көк тамырдың іштей варикоздануы (Клиппель-Тренонэ-Паркс-Вебер-Рубашов ауруы) өте сирек кездеседі.
Көк тамырдың варикозды ауруының клиникасы - ауру 30-50 жастар арасында жиі байқалады (60—65%). Алғашқыда үрдіс жеке бір аяқтың көк тамырында басталады. Науқастың 50% тері астының үлкен көк тамырында орналасады. Ауру ешбір маңызды көрініссіз басталып кейінде қан ағыны бұзыла келе әр түрлі көріністер береді.:
1. Аяқтың шаршағыштығы және аяқтың ауырлануы. Кейбір аурулардың аяғында еттері құрысуы байқалады.
2. Бұдан әрі созылған түйіртпектенген көк тамыр пайда болады.
3. Сирақтың терісінің түсі бұзылады, тері қышиды, экзематизацияланады, көкшілденеді, одан соң қара-қоңырланады, қатаяды, қалыңдайды, ойық жаралар пайда болады.
4. Ұзаққа созылған түрінде периостит (рентгенде) байқалады.
5. Түс ауа аяқтың ауырсынуы күшейеді.