Емдеу тәсілдері. Геморрой т.б. тік ішек аурулары көне заманнан белгілі. Бірақта хирургияның бұл бөлімінің дамуы 1830ж. басталады. Осы жылдары Бутковскийдің, Соломонның, Буяльскийдің еңбектері жарияланады. 1897 жылы С.П.Федоров ректоскопия туралы мақала жазып ректоскоп аспабын ұсынған. 1968 жылға дейін СССР - да 5 проктологиялық клиникалар (Мәскеу, Куйбышев, Ленинград, Краснодар, Красноярск) болатын.
Геморройды емдеу: консервативті және оперативті болады. Емдеуді диетаны тағайындаудан бастайды. Ащы, тұзды, ішек қозуын күшейтетін тағамдар берілмейді. Іш кебуін басу үшін оны туғызбайтын тағамдар - айран, қара нан, ботқа, таңертен аш қарында 1 стақан суық су, қызылша, қара өрік беріледі. Қазылша мен қара өріктің суды жақсы соратындығынан дәретті жұмсартады.
Іш кебуін басатын дәрілер - пурген, карлсбад тұзы, вазелин майы ішкізіледі, тазарту клизмасы қолданылады. Атониялы түрінде клизмаға 20 градусты қоңыр салқын су, спастикалық түрінде жылы су қолданылады. Емдеу физкультурасы, курортта емдеу (күкіртті-сутекті, радонды ванналар, балшық), Дарсонваль тоғы пайдаланылады. Геморройлық балауыздар - ауырсынуды, қабыну үрдісін басатын, қан ағуын бәсеңдететін дәрілер қосылған, әр түрлі шөптерді қайнатумен дайындалынған қойыртпақтар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |