ОЙЫҚ ЖАРАНЫҢ - КӨРШІ МҮШЕГЕ ЖАЙЫЛУЫ (пенетрация)
Көбінесе ойық жара ұйқы безіне, көлденең ішекке, бауырға, іштің бетіне жайылады. Пенетрация іштің қатты ауыруына, жарадан қан ағуына, ойық жара мен ол жайылған мүше арасында жыланкөз пайда болуына соғады. Аурудың бұл түрлері теқ операциямен емделеді.
6-шы науқас- 35 жасар жұмыскер ішінің, төс шеміршегінің асты ауырсынуына, ауырудың арқаға берілетіндігіне шағымданып, клиникаға түсті. Кейде ішкен тағаммен құсық, ал кейде "кофе қойыртпағымен" құсу байқалады. Әрқашан құсқаннан соң ауру жеңілдік алады. Желді кекірік, қышқыл сілекей, өңеш қыжылдауы өте жиі. Нәжіс шығуы сирек. Ақырғы айлар ішінде әдәуір арықтады. Аталған өзгерістер көп жылдар боиы байқалады. 3 жыл бұрын рентгендік тексеріспен қарынның ойық жарасы анықталған. Қарын ауыруы жағымсыз тағамдар қабылдағаннан соң және көктемде күшейеді.
Бұдан 5 күн бұрын тұзды қиар жегеннен соң іштің ауыруы күшейіп содан бері басылмай отыр. Ауыздан қабылданған тағамдар іле - шала құсылады. Науқас отырғанда, жүргенде ішін жұдырығымен басыл отырады.
Іші симметриялы, жұмсақ, тыныс алуға дұрыс қатысады. Іштің жарығы жоқ. Бауыр, көк бауыр ісінбеген - өзгермеген. Мендель және Боас симптомдары анық. D-Х-ХІІ зоналарының гиперестезиясы бар. Қарын қышқылығының - жалпысы 70-85; бос қышқылы 30-50; нәжісте -қан қалдығы. Рентгенде - кардиодуоденальды аймақтың ойық жарасы және тарылғаны көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |