Тамыр соғуы кезбе нервтің қозуы әсерінен сиректеледі (брадикардия), қан қысымы бұзылмаған. Бұлардың өзгеруі кейініректе перитонит басталуына сай байқалады.
Ішек түйілуі көріністерінің – алғашқы, негізгі және қосымша түрлері бар (Мондор).
Алғашқы көріністері - ауырсыну, кұсу.
Негізгі қөріністері – нәжіс және жел жүрмеуі, іш кебуі.
Қосымша көріністер жалпы жағдайдың бұзылуымен байланысты.
Ішек түйілуінің көріністері келесі жағдайлармен байланысты :
1. Ішектің қысылуының күштілігімен.
2. Қысылған ішектің ұзындығымен.
3. Қысылу уақытымен.
4. Қысылу орнымен.
5. Қысылған ішектің жоғарғы бөлшегінің нәжіспен толықтануымен.
6. Науқастың жасы және жынысымен.
Достарыңызбен бөлісу: |