Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы



бет17/360
Дата11.05.2022
өлшемі3,37 Mb.
#142708
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   360
Байланысты:
Мәдікенұлы Ө.Хирургиялық аурулар 2008

Шап жарығының түрлері

а) Сыртқы, қиғаш, түзу емес (hernia inguinalis obliqua, externa, indirecta) жарықтар аурудың ең жиі кездесетін, туа біткен және жүре пайда болатын, бір адамның екі шабындада, көбінесе бір шабында басталатын түрі. Жарық шап өзегінің бағытымен жоғарыдан, арттан, сырттан, төменге, алға, ішке бағытталған. Ұрық жолы каналындағы ішперде бұтағы бітелмесе іштей басталатын жарық қездеседі. Бұл кезде ұрық жарық қабының ішінде орналасады.


Кейін басталған шап жарығында жарық қапшығы жаңадан пайда болады, ұрық қапшықтан тысқары орналасады.
Басталу кезіне сай жарықтың келесі түрлерін бөледі - егер шап арнасының сыртқы тесігі кеңіп, ол саусақтың ұшын ғана кіргізсе және жөтелдегі итеру синдромы анықталса шап арнасының кеңейуі деп аталады (dilatatio canalis inguinalis).
Жөтелгенде, күшенгенде шапта жұмсақ "ісіктің" пайда болуын жаңа басталған қиғаш жарықты (hernia inguinalis obliqua incipiens) атайды.
Егер шап арнасы кең созылса және жарықпен толы болса жартылай шап жарығы деп аталады (hernia inguinalis obliqua incomplecta).
Егер жарық ұмаға енсе – бұны ұма жарығы (h. inguinalis scrotalis) деп атайды.
Өте аумақты, ұманы толық толтыратын жарықтар hernia ingunalis scrotalis permagna деп аталады.
б) Ішкі түзу, тік шап жарығы(hernia inguinalis directa interna) барлық жарық ауруларының 5-10% құрайды. Бұл жарықтардың бағыты тік, түзу, жоғарыдан, төмен. Олар ішкі шап ойшығында пайда болады. Көбінесе қартайған ер адамдарда кездеседі және шаптың екі бетінде де қатар байқалады, еш уақытта ұмаға жетпейді және іштен пайда болмайды. Ұрық жолдары жарық қапшығының сыртында және артында орналасады. Тік жарықтың ішіне ащы ішек, шарбы майы немесе қуық енеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   360




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет