Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы


Синдромның клиникалық көрінісіне сәйкес 4 түрін бөледі



бет316/360
Дата11.05.2022
өлшемі3,37 Mb.
#142708
түріОқулық
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   360
Байланысты:
Мәдікенұлы Ө.Хирургиялық аурулар 2008

Синдромның клиникалық көрінісіне сәйкес 4 түрін бөледі ісініп-ауырғыш, варикозды, ойық жаралы, аралас .
Диагноз - анамнез, клиника, Дельбе—Пертес, Пратт- 1, Вальсальва сынақтары, флебография көмегімен анықталады.
Синдромның алғашқы жеңіл түрлерінде қонсервативті ем - аяқты эластикалы бинтпен орау, кейініректе - реканализация аяқталғаннан соң хирургиялық емдеу қолданылады - саяз көк тамырды кесіп алу, Тренделенбург-Троянов, Бебкок-Нарат операцияларымен қоса аутовенозды шунтирлеу, Линтон, Фельдер операциясы қолданылады.
22-ші науқас - 39 жасар әйел. Шағымдары: оң тірсектің шаншып, түйреп, қысып ауырсынуы, аяқтың ісінуі және қан тамырының варикозданып созылуы. Бұдан бұрын ауырмаған және ешқандай операциямен емделмеген. Шылым шекпейді, шарапты сирек ішеді, тұрмыс жағдайы жақсы. 17 жасынан официант болып, кейінгі жылдары сатушы болып қызмет жасайды. Бұдан 6 жыл бұрын оң аяқтың варикозы басталған. Варикоз өте жиі кабынуға шалдығып, аяқ терісі ісініп - қызарады.
Аяқтың тірсек терісі пигменттелген, ауырсынады, ісінген. Аяқтың терісі қатайған, астыңғы шел майымен жабысқан. Хоманс симптомы (аяқтың басын қозғаудың ауырғыштығы). Левенберг симптомы (Рива- Роччи аспабымен екі тірсекті қысқанда ауру аяқтың балтыр етінің ауырсынуы) анық.
Венографияда аяқтың терең және саяз көк тамырларының анастомозы көрінбейді, аяқ көк тамыры кеңіген. Аяқтар температурасы 27,3 С және 28,2 С, ЭТЖ—31. Сонымен науқастың тромбофлебиты жоқ, бірақ терең көк тамырдың флеботромбозы бар. Бұны тромбофлебиттен соңғы синдром деп атауға болады.
Флебиттен соңғы синдром - немесе тері асты көк тамырының екіншілік варикоздануы терең көк тамыр тромбоздануынан соң пайда болады. Сондықтан мұны жеке ауру емес- тромбоздың асқыну синдромы деп тайды.
Бұның негізі көріністері: аяқ- қол жуандауы, саяз көк тамырлар кеңеюі, тілерсектің төменгі бөлімінің терісінің түсі қоңыр-көкшіл, тері құрғаған немесе дымқылданған, ойық жара пайда болады, аяқ ауырсынады, ауырланады, қышынады. Ауру ұзаққа созылады, жиі-жиі ауырланып тамыр қабынып тұрады.
Терең көк тамырдың тромбоздануына гиподинамика, травмалар, дәрілерді қажетсіз көп пайдалану, жүрекке, өкпеге т.б. мүшелерге ауыр операциялар жасалуы да себеп балады.
Жамбас тамырлары тромбоздануына жалпы инфекция- тұмау, баспа, пневмония т.б., әйелдерде жыныс аурулары және оларға жасалатын операциялар себеп болады. Еркектерде- қуық асты безіне жасалатын операциялар. Аяқтың терең көк тамырының тромбозы жедел басталады, аяқ қатты ісінеді, ауырсынады.
Жамбас тамыры тромбозында аяқ тұтас ісінеді, терісі сұрғылт көкшілденеді, мұздайды. Науқастың жалпы жағдайы ауыр ол әлсіз, дене қызуы жоғары, науқас қалтырайды. Терең көк тамырдың бойы ауырғыш, тері асты көк тамырының суреті анық көрінеді, өйткені тромбпен бітелінген терең көк тамыр арқылы қан ағыны тоқтап, коммуникантты тамырлар арқылы қан саяз көк тамырларға төгіліп бұзылған қан ағыны орын алады.
Қалыпты жағдайда саяз қан тамырынан қан терең көк тамырға құяды. Терең көк тамыр тромбозында қан саяз көк тамырға құйылып оны кеңейтеді.
Тромбтың орнына, жайылуына сәйкес тері асты тамырының созылып кеңейгендігі 4-7 тәулікте көріне бастайды. Тромб терең тамырдың шапқа дейінгі бөлшегінде орналасса саяз көк тамырдың созылуы тұтас аяққа жайылады. Ал егер жамбас тамырында орналасса- іш бетінің және жыныс мүшесінін тамырларыда кеңейеді.
Терең көк тамыр тромбозы әсіресе алғашқы 4-5 күндері қатерлі асқынуларына -өкпе артериясы тромбоэмболиясына ұшыратуы мүмкін. Өйткені бұл уақытта тромб қан тамырының ішкі бетіне жабысып бекімеген, оның қан ағынымен қозғалуы мүмкін. Мұндай тромб төменгі қуыс көк тамыр арқылы жүректің оң бөлігіне, одан өкпе артериясына өнеді де шокқа ұшыратады және қан айналысын, тыныс алуды бұзып, жедел өлімге әкеледі. Сондықтан аяқ еттерінің ауырсынуында, аяқ ісінуінде науқасты төсекке жатқызып оны жедел дәрігерге көрсету қажет.
Тромбтың ерекшелігіне байланысты тромбозды консерватитвті немесе оперативті тәсілімен емдейді. Тромбэктомия операциясы 5-7 тәуліктерде орындалады. Операциядан соңғы кезенде антикоагулянтты терапия және арнайы дене шынықтыру, ерте аяғына тұрғызу орындалады. Аяқ эластикалы бинтпен оралады. Егер тромб үзілсе арнайы сүзекі- фильтр төменгі қуыс көк тамырға орнатылады.
Консервативті терапия – аяқты жоғары көтеріп орналастыру, жылыту немесе мұздату (кварц, соллюкс, инфрақызыл сәуле, диатермия). Жергілікті ем қабыну үрдісін басады.
Жалпы ем: сұйықты мол қабылдау, диета, антикоагулянттар, фибринолитиктер, десенсибилизаторлар, қабынуды бәсеңдендіру шаралары орындалады.
Көк тамырдағы тромб емнің әсерінен ериді немесе қатайып бекиді. Егер тромб ерісе-ауыру, ісіну жоғалады, тері асты тамырымен қан ағыны дұрысталады. Егер тромб қатайып өзгерсе барлық симптомдар сақталады. Кейініректе қалған тромбта жаңа қан тамырлары пайда болып- реканализация орын алады.
Флебиттен соңғы синдромның ауыр түрінде венозды қанның кішкене қан тамырларында жиналуы және лимфа ағыны бұзылуы байқалады. Бұның салдарынан (слоновость) - венозды және лимфа тамырларының деструкциялануынан аяқтын ісінуі, жуандануы байқалады. Ісік теріні созып жұқартады, оның трофикасын нашарлатып экзема, дерматит, трофикалық ойық жараның қабынуына ұшыратады.
Диагнозды анықтауда көк тамырдың контрасты тексерісі - флебография (верографин, гиппак, урографин немесе диадон) егіліп орындалатын тәсілдің маңызы зор. Флебографиямен кедергінің орналасқан орыны, патологиялық үрдістің жайылуы, клапандар жағдайы анықталады.
Дегенмен, флебографияның асқынулары (аллергия, іріңдеу, остеомиелит) бұл тәсілдерді зиянсыз функциональды тәсілдермен (осциллография, реовазография) алмастыруды қажет етеді.
Флебиттен соңғы синдромды көбінесе консервативті жергілікті және жалпы тәсілдермен емдейді .
Емді жалпы шаралардан- жеңіл диета, емдік гимнастика, аздап жүру, аяқты жоғары көтеріп ұстап жатудан бастайды. Егер жүрек, өкпе т.б. маңызды мүшелер сау болса физиотерапиялық шаралар- сероводородты ванна, шипалы балшық, майлы компресс пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   360




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет