Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы



бет63/360
Дата11.05.2022
өлшемі3,37 Mb.
#142708
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   360
Байланысты:
Мәдікенұлы Ө.Хирургиялық аурулар 2008

Диагнозды ажырату - ең бірінші ойық жараның тесілуін - аппендициттен айыру қажет.
Айырудың ең негізгі көріністері - тамыр соғуының сиректенуі, дене қызуының көтерілмеуі, құсықтың жоқтығы, тілдің дымқылдығы.
Әрине бүның бәрі перфорацияның алғашқы кезеңіндегі көріністер. Перитонит бастала келе бұның бәрі өзгереді.
Жедел аппендицитте дене қызуы көтеріледі, тамыр соғуы жиілейді, тілі құрғайды, шырышпен жабылады. Перфорацияның аппендицитпен ұқсастығына қарыннан аққан сұйықтың бүйір каналымен оң жамбас тұсына жиналып осы аймақтың ауырсынуымен білінеді. Осыған байланысты диагнозды қате анықтау байқалады.
Перфорациядан айыруды талап етуші келесі ауру жедел холецистит, өйткені холециститте де іштің оң бөлімі ауырады. Бірақта холециститтің өзіне тән қөріністері бар. Холециститпен көбінесе толық қарт әйелдер ауырса, перфорация жас ер адамдарда жиі кездеседі. Холецистит майлы тағамдар қабылдағаннан соң жиі басталады.
Холециститте дене сарғаюы мүмкін және ауыру оң иыкқа, жауырынға, арқаға беріледі. Запран құсады. Дене қызуы жоғары, қанда лейкоцитоз және ЭТЖ шапшаңданған. Іштің ауыратын орны өт куығының тұсы, перфорацияда кіндік тұсы қатты ауырсынады (Ру нүктесі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   360




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет