Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы



бет96/360
Дата11.05.2022
өлшемі3,37 Mb.
#142708
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   360
Байланысты:
Мәдікенұлы Ө.Хирургиялық аурулар 2008

Резенштейн-Ситковский симптомы- сол қырына жатқызылған науқастың оң мықынын басқанда ауырудың күшеюі.
Ровзинг симптомы - сигма тәрізді ішекті соқыр ішек бағытына қарай шапшаң итергенде оң жамбас тұсының ауырсынуы.
Воскресенскийдің сырғанақты немесе көйлек симптомы - дәрігер сол қолымен аурудың қөйлегін тартып тұрып оң қабырғалар жиегінен бастап шапқа қарай ішті оң қолымен сызып өтеді. Осылайша қолдың іштен шапшаң "сырғанауы" қабынған соқыр ішектің ауыруын күшейтеді.
Тері сезімталдығының күшеюі - инемен Захарьин-Гедтін аймағының сезімталдығы анықталады. Аппендицитте оң жамбас сүйегінің алдыңғы - жоғарғы төмпешігі тұсының гиперестезиясы байқалады.
Ризваш симптомы - демін 20-30 секунд ұстағаннан соң терең дем шығару соқыр ішек тұсындағы ауыруды күшейтеді. Бұл симптом бүйрек, несеп жолы аурулары, аналық бездің жырталуы, жатырдан тысқары жүктілікте жоқ. Холециститте Ризваш симптомы жоғарыда-қабырға астында байқалады.
Қан анализіндеэритроциттердің тұну жылдамдығы жоғарылауы, лейкоцитоз, лейкоциттер формуласының солға ауысуы байқалады. ЭТЖ шапшаңдануы әйелдердің жыныс мүшесінің ауруларына күдіктендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   360




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет