Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет336/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

Технологиясы
: Асептикалық жағдайда стерильді қосымша ыдысқа 5 мл 
инъекцияға арналған суды құйып, 0,1 г пилокарпин гидрохлоридін, 0,07 г 
натрий хлоридін қосып, стерильді шыны таяқшамен ерігенше араластырады. 
Ерітіндіні алдын-ала сумен шайылған фильтр қағазы мен мақта тампоны 
арқылы (немесе стерильді шыны фильтр) нейтралды стерильді шыны флаконға 
фильтрлейді, осы фильтр арқылы инъекцияға арналған судың қалған 5 мл 
фильтрлеп қосады. Флаконды стерильді резина тығынмен бекітіп, ерітіндіні 
қарусыз көзбен жарықтандырылған ақ және қара фонда механикалық қоспадан 
тазалығын тексереді. Қажет болған жағдайда ерітіндіні қайта фильтрлейді. 
Содан соң металды алюминий қақпақпен айналдыра бекітіп тығындайды. 
Тығындау сапасын флаконды төңкеру арқылы анықтайды, ерітінді ақпау керек. 
Флаконға бирка ілінеді, онда ерітіндінің атауы, концентрациясы, дайындаған 
фармацевтің қолы қойылады. Ерітінді бу стерилизаторында 120 
0
С 8 минут 
стерильденеді. Стерильдеуден кейін, ерітіндіні салқындатып, механикалық 
қоспадан тазалығы, түстілігі, флаконның тығындау сапалығы тексеріліп, 
босатуға безендіріледі. Негізгі этикетка қызғылт түсті көзге арналған дәрілік 
түрлер үшін, ескерту этикеткалары – «Cалқын, жарық түспейтін жерде сақта», 
«Балалардан сақта», «Абайлап қолдан». Флаконды гофрирленген көк қағазбен 
жауып ақ жіппен бекітіп байлап сургучпен мөрлейді, рецепт дәріханада есеп 
үшін қалдырылады, науқасқа сигнатура беріледі. 
Көз тамшыларында дәрілік заттың концентрациясының дәлдігіне, заттың 
дәл өлшенуі, әсіресе жазылған дәрілік заттың мөлшері 0,05 г төмен болса, әсер 
етеді. Мұндай жағдайда дәрілік заттардың концентрлі ерітінділерін қолдануға 
болады. Концентрлі ерітінділер асептикалық жағдайда дайындалады және 
стерильденеді. Көз тамшылар технологиясында бір компонентті және көп 
компонентті концентрлі ерітінділер қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет