Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Сүзу (colatio) немесе фильтрлеу (filtratio)



Pdf көрінісі
бет108/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

Сүзу (colatio) немесе фильтрлеу (filtratio). 
Ерітіндіні дайындап болған 
соң, міндетті түрде көзге көрінетін бөлшектерден фильтрлеу немесе сүзу 
арқылы тазартады. Фильтрлеу үшін фильтр қағазы, асбест, шыны фильтр, ал 
сүзу үшін бос борпылдақ (мақта, дәке, мата) материалдар қолданылады. 
Фильтрлеу – сұйық фазаны көзге көрінетін барлық бөлшектерден 
тазарту. Фильтрлеу жылдамдығы процесс жүрген кездегі қысымға, 
фильтрлеуші материалдардың саңылауының өлшемдеріне, сұйықтықтың 
тұтқырлығына және басқа факторларға байланысты. Тұтқыр сұйықтықтарды 
фильтрлеу кезінде фильтрлеу жылдамдығы төмен, себебі, фильтрлеуші 
материалдың кедергісі, сұйықтықтың тұтқырлығына пропорционалды. 
Дәріхана жағдайында фильтрлеуді атмосфералық немесе төмен қысымда 
(вакуум) жүргізеді. Төмен қысымда фильтрлеу көбінесе инъекциялық және 
көзге арналған ерітінділерді тазартқанда қолданылады. Фильтрленетін 
сұйықтықтың қасиеті мен мөлшеріне байланысты әртүрлі материалдар 
қолданылады. Фильтрлерге қойылатын талаптар: 
-
фильтр материалдары белгілі мөлшерде берік болуы керек; 
-
жоғары өткізгіштік, бөлшектерді ұстап қалу әсерлігін қамтамасыз ететін
құрылысы болуы керек; 
-
ерітіндіге талшықтар мен бөлшектерді бөліп шығармауы қажет; 
-
дәрілік заттармен әрекеттеспеуі керек; 
-
термиялық стерильдеуге төзімді болуы қажет; 
-
қысымға, кернеуге төзімді болуы керек; 
-
биологиялық индифферентті болуы керек. 
Фильтрлеуші материалдардың кемшіліктері: ісінеді; жеткілікті берік емес; 
теріс зарядталып, суда диссоциацияға ұшыраған кейбір заттардың иондарын 
адсорбциялауы мүмкін. 
Барлық фильтрлеуші материалдар сапасы жағынан, сәйкес нормативтік 
құжатта (НҚ) келтірілген талаптарға толық жауап беруі тиіс. Мақта 
майсыздандырылған, ұзын талшықты болуы керек; қышқылдық, сілтілік және 
тотықсыздандырғыш заттар болмауы керек; хлоридтер, сульфаттар, кальций 
тұздары өте аз мөлшерде жіберіледі. 
Шаруашылық дәке майсыздандырылған болуы тиіс, құрамында крахмал 
және басқа заттар қоспасы болмауы керек. Дәкелі фильтрлердің өткізгіштік 
қасиеті жоғары және олар өздері механикалық қоспалар түзбейді. 
Лабораториялық қағаз фильтр дәріхана жағдайында негізгі фильтрлеуші 
материал болып саналады. Дәріханада фильтрлеу үшін маркасы Ф-1М 
фильтрлеуші қағазы қолданылады. Ол дақсыз, ағаш қалдықтарынсыз, 
хлоридтердің, темір тұздарының қоспаларынсыз, таза клетчаткадан тұрады. 
Қағаз фильтр және мақта тампонымен фильтрлеген кезде, фильтр сол 
сұйықтықпен шыланады, ерітіндінің кейбір мөлшері жоғалады. Мақта түйірі 
салынған фильтр қағазын воронка сағасына орналастырады, оның шеттері 2-3 
мм воронка шетінен төмен болуы керек. Содан кейін фильтр қағазын 
талшықтардан тазарту үшін, бірнеше рет тазартылған сумен жуылады (сурет 
29). 


160 
Ерітіндімен ығыстырылатын ауа флаконнан еркін шығуы үшін 
воронканың түтігі флакон мойнына емін-еркін кіріп тұруы керек. 
Құрамында темір қоспасы бар фильтр қағазымен фильтрлеген кезде 
ыдырайтын дәрілік заттардың (натрий салицилаты, адреналин гидрохлориді 
және т.б.) ерітінділерін, Ф-ОМ маркалы тазартылған фильтр қағазымен, 
күлсіз фильтрмен фильтрлеу қажет. Кәдімгі фильтр қағазы қолданылса, 
дәрілік заттар адсорбцияланады. 
а 
б 
в 
Сурет 29.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет