Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет158/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

Технологиясы.
Босататын құрғақ құтыға 0,3 г калий йодидін өлшеп 
салып, 5 тамшы тазартылған су қосады, калий йодидінің қаныққан 
ерітіндісі алынады. Қаныққан ерітіндіде йодтың 0,05 г ерітеді. Құтыны 
тарирлеп, 10,0 г глицеринді өлшейді, араластырады, орамдап, босатуға 
безендіреді. Негізгі этикетка «Сырт тәнге», ескерту этикеткалары 
«Балалардан сақта», «Салқын құрғақ жерде сақта».
Rp.: 
Solutionis Camphorae oleosi 10% 100,0

Mіsce. Da. Sіgna. Буындарды ысқылауға
Ерітінді салмақ бойынша, құрғақ босататын құтада дайындалады. Камфора – 
ұшқыш зат, еріткішті 45-50 
0
С температураға дейін қыздырады. Рецептіде 
еріткіш көрсетілмеген, шабдалы немесе бадам майын қолдану керек. Егер ол 
майлар болмаса сыртқа қолдануға күнбағыс майын қолдануға болады. 
Жұмысшы жазылым бойыншы: 
10,0 камфора 
100,0 – 10,0 = 90,0 шабдалы майы 


222 
Б.П. 
Camphorae 10,0 
Olei Persicorum 90,0 
m
ж
= 100,0 
Технологиясы. 
Құрғақ қоңыр түсті босататын құтыға алдын-ала 
өлшенген 10,0 г камфораны салады. Құтыны таразыда тарирлеп, 90,0 г шабдалы 
майын өлшейді. Тығындап, су моншасында камфора толық ерігенше 45-50 
0
С 
температураға дейін қыздырып ерітеді. Толық еріген соң, суытып, босатуға 
безендіреді. Негізгі этикетка сары түсті «Сырт тәнге», ескерту этикеткасы 
«Балалардан сақта». 
Аралас ерітінділер дайындаған кезде дәрілік заттардың ерігіштігін, 
еріткіштердің қасиетін (ұшқыш, тұтқыр), еріткіштерді дозалауды (салмақпен 
немесе көлеммен) ескереді. 
Rp.: 
Anaesthesini 2,0
 
Acidi borici 1,0
Picis liquidae 5,0 
Olei Ricini 2,5 
Spiritus aethylici 96% ad 50 ml 

Mіsce. Da. Sіgna. 
Ауырған жерге жағуға 
Қара май мен майсана майы ҚР ДСМ 15.12.05 ж. № 142 «Дәрілік 
құралдарды дайындау Ережелері туралы» бұйрығына сәйкес салмақпен 
өлшенеді. Этил спирті көлеммен өлшенеді және оның мөлшері жазылымда 
көрсетілмеген.
Құрғақ заттардың концентрациясын (пайыздық мөлшерін) анықтау 
2,0+1,0 = 3,0 құрғақ заттар 
3,0 – 50 мл ерітіндінің жалпы көлемі
х –100 мл 
х= 6 % > 3% 
Қажетті спирт көлемін, қара май мен майсана майының және дәрілік 
заттардың алатын көлемдерін ескеріп, есептеуге болады. 
Анестезиннің КҰК 0,85 мг/л 
Бор қышқылының КҰК 0,65 мг/л 
Қара майдың тығыздығы 0,938 г/см

Майсана майының тығыздығы 0,958 г/см

Есептеу: 
Майсана майынан 2,5
2,5/0,958=2,6 мл 
Қара майынан 5,0
5,0/0,938=5,3 мл 
Анестезиннен 
2,0 
Бор қышқылынан 1,5 
96% этил спиртінен 50 мл – (2,6+5,3+2,0∙0,85+1,5∙0,65)=39,4 мл 


223 
Б.П. 
Olei Ricini 2,5 
Picis liquidae 5,0 
Anaesthesini 2,0 
 
Acidi borici 1,0 
Spiritus aethylici 96% 39,4 ml 
V
ж
= 50 ml 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет