Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Сыйымсыздықтарды болдырмау жолдары



Pdf көрінісі
бет384/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

 
Сыйымсыздықтарды болдырмау жолдары. 
Сыйымсыздықтарды 
болдырмау жаңа технологиялық әдістерді, тәсілдерді және қосымша заттарды 
қолдану арқылы шешіледі. Сыйымсыздықтарды болдырмаудың негізгі 
тәсілдерін төмендегідей жіктеуге болады: жазылым құрамын өзгертпей 
технологиялық амалдарды қолдану, жазылым құрамына қосымша заттар 
енгізу немесе жазылым құрамын өзгерту, кейбір дәрілік заттарды алмастыру, 
дәрілік түрді алмастыру, бөлек босатылатын компоненттің бірін бөлу. 
Сыйымсыздықты 
болдырмау 
әдісін 
таңдау 
сыйымсыздықтың 
физикалық және химиялық себептерімен, дәрілік форманың түрімен, 
қосымша заттардың болуымен және басқа факторлармен анықталады. 
Сыйымсыздықты болдырмау мүмкіндігін жүзеге асырудың міндетті 
түрдегі жағдайы - препараттың күтілетін терапевтік эффектісін қамтамасыз 
ету болып табылады. Мұның бәрі фармацевт-технологтың жоғары 
профессионалдық компетенттілігін талап етеді.
Жазылым құрамын өзгертпей технологиялық тәсілдерді қолдану. 
Бұл тәсіл күрделі препарат ингредиенттерін белгілі ретпен ерітуді 
(араластыруды) талап етеді. Мысалы, құрамында алкалоидтар немесе 
жасанды азотты негіздер (әлсіз негіз және күшті қышқыл тұздары) - ортасы 
сілтілі реакциялы заттармен үйлесетін микстураларды дайындаған кезде 
компоненттерді белгілі бір ретпен еріту ұсынылады. Кейбір жағдайларда, 


503 
басқа компоненттерді ерітінді түрінде рН мәнінің өсу ретімен қосу арқылы 
алкалоид негіздерінің тұнбаға түсуінің алдын алуға болады. 
Еріткіштің 
бір 
бөлігінде 
дәрілік 
заттарды 
бөлек 
еріту,
негіздің бір бөлігімен немесе препараттың басқа компоненттерімен оларды 
бөлек араластыру және оларды біріктіру - ұнтақтардағы, ішуге және сыртқа 
қолданылатын 
сұйық 
препараттардағы, 
жағар 
майлардағы, 
суппозиторийлердегі, 
шаншуға 
арналған 
ерітінділердегі, 
көз 
тамшыларындағы және басқа дәрілік түрлердегі сыйымсыздықтарды 
болдырмау үшін қолданылады.
Дәрілік препарат жазылымы құрамына қосымша заттарды енгізу немесе 
жазылым құрамын өзгерту
Сыйымсыздық жағдайларының көп бөлігін әртүрлі қосымша заттарды 
еріткіштер, эмульсия тұрақтандырғыштары, солюбилизаторлар, антиоксиданттар, 
рН мәнін реттеуші заттар, ылғалды жұтушылар, қоюлатушы заттар, жағар май 
негіздері және т.б. ретінде қолдану жолымен болдырмайды. Қосымша 
заттарды қосу дәрігердің келісімі бойынша жүргізілуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет