Мультидисциплинарлы топ – денсаулық сақтау ұйымының
басшылығымен медициналық оңалтудың барлық кезеңдерінде құралған
медициналық оңалту бойынша дайындығы бар және координатор –
дәрігердің басшылығымен кешендік оңалту қызметін көрсететін, әртүрлі
мамандардың тобы.
Денсаулықтың бұзылуы – бұл органика деңгейінде бұзылыспен
сипатталатын және патологиялық жағдайдың сыртқы көрінісі ретінде
10
қарастырылатын (аурулар, жарақат, ақау) жеке адамныңбиомедициналық
жағдайында кейбір қалыпты нормалардан ауытқуы.