29
отбасымен, таныстарымен, құрдастарымен, басқа адамдармен тікелей қарым-
қатынастары, физикалық және материалдық қоршаған орта ерекшеліктерін
енгізеді;
б) қоғам – тең мүмкіндіктерді, яғни барлық қоғам инфрақұрылымдық
мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға кедергісіз, қолжетімді етуін қамтамасыз
ету (транспорт, коммуникациялар, еңбекке құқығы, білім алу, мемлекеттік
емес әлеуметтік құрылымдар, заңнамалық актілер шығаруда және т.б.) .
Жеке бас факторлары - бұл денсаулық көрсеткіштері немесе
денсаулықтың өзгеруі болып табылмайтын, жеке адамның шегінен тұратын,
жеке адам өмір сүретін және тұратын жеке сипаттамалары (жынысы, нәсілі,
жасы, жаттыққандық, өмір стильі, дағдысы, тәрбиесі, білімі, мамандығы,
әлеуметтік ортасы, жеке түрі мен оның мінезі және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: