84
10) буын қызметтерінің ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қатар ағзаның
статикалық-динамикалық қызметтерінің елеулі немесе айқын түрде білініп
бұзылуы;
11) қолдардың екеуінің де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру
құралдарының қолданылуын қиындататын ампутациялық тұқылдары;
12) қолдардың екеуінде де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру
құралдарының қолданылуын қиындататын туа біткен ауытқулардың болуы;
13) екі санның протездеуге жарамсыз ампутациялық тұқылдары;
14) протездеуге жарамсыз жүріп-тұру құралдарын пайдалануды
қиындататын, қолдардың білінетін функционалдық бұзушылықтары бар
балтырлардың ампутациялық тұқылдары;
15) жүріп-тұрудың III дәрежеде бұзылуымен қоса, аяқтардың
дамуындағы туа біткен ауытқулар;
16) қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып
айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар
қызметтерінің ІІІ-IV дәрежеде бұзылуымен қоса жамбастың және тізе
буындарының екеуінің де функционалдық тұрғыдан қолайсыз қалыптағы
анкилоздары;
17) қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып
айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар
қызметтерінің ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қоса, жамбастың және тізе
буындарының екеуінің де елеулі немесе айқын білінетін контрактуралары
медициналық көрсетілімдер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: